Система Orphus

"Коллекторлық қызмет туралы" заӊ жобасы берешекті өндіріп алу барысында болашақ өркениетті сұхбаттыӊ негізін құрайды - Д.Ақышев

28.12.2016 3756

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Коллекторлық компаниялардыӊ ұзақ уақыт бойы іс жүзінде жұмыс істеуіне және біздіӊ өмірімізге кеӊінен тартылуына қарамастан, олардыӊ қызметі арнайы заӊнамамен реттелмейді және мемлекеттіӊ уәкілетті органдары арқылы бақыланбайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Д. Ақышев "Коллекторлық қызмет туралы" заӊ жобасын ҚР Парламенті Мәжілісініӊ жалпы отырысында қарау барысында айтып берді.

Ұлттық Банк басшысы қазірдіӊ өзінде банктермен шарттар негізінде берешекті өндіріп алатын 60-ға жуық компанияныӊ бар екендігін хабарлады. Мәселен, банктердіӊ 928 мыӊ борышкері коллекторлық агенттіктерде өндіріп алу сатысында.

"Бұл ретте халықтыӊ шамадан тыс кредиттелу жағдайларында борышты өндіріп алу бойынша қарым-қатынастардыӊ реттелмеу проблемаларыныӊ әлеуетті ауқымы тек ұлғаятын болады", - деп атап өтті Д. Ақышев.

Отырыс барысында ҚРҰБ Төрағасы "Коллекторлық қызмет туралы" заӊ жобасыныӊ негізгі тұстарын белгілеп берді. "Бір жағынан алғанда, банктер кредиттер береді және одан кейін қарыз алушылар тарапынан міндеттемелер орындамаған жағдайда борыштарды өндіріп алады. Және осы процеске заӊды негізде коллекторлық ұйымдар тартылған, олардыӊ міндеті борышты қайтару бойынша жұмыс жүргізу болып табылады. Осы реттелмеген сегментте ғана қалыпты құқықтық қорғала алмайтын қарыз алушыларға қатысты бұзушылықтар байқалады. Басқа аспект - банктер халық пен кәсіпорындардыӊ депозиттерін сақтау орны болып табылады және ақшаныӊ сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сондықтан қарыз алушылар тарапынан кредиттер қайтарылмаған жағдайда берешекті өндіріп алу бойынша барынша күш-жігер салынуға тиіс. Ийтпесе банктер депозиттер бойынша өздерініӊ міндеттемелері бойынша есеп айырыса алмайды. Сондықтан банктерде кредиттері бар және сол сияқты өз депозиттерініӊ сақталатынына сенетін халықтыӊ барлық тобыныӊ мүдделерініӊ сақталу теӊгерімін қамтамасыз ету қажет", - деп хабарлады Д. Ақышев.

Ұлттық Банк басшысы қарастырылып отырған "Коллекторлық қызмет туралы" заӊ жобасыныӊ бұл қағидаттарға жауап беретінін және берешекті өндіріп алу барысында болашақ өркениетті сұхбат үшін негіз құрайтынын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны