28.12.2016, 14:50 3830

"Коллекторлық қызмет туралы" заӊ жобасын әзірлеу кезінде процестіӊ барлық қатысушыларыныӊ мүддесін ескеруге тырыстық - Д. Ақышев

Парламент Мәжілісініӊ қарауына бүгін "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊныӊ жобасы енгізілді.

Алматы. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Жұмыс барысында Мәжілісте заӊ жобасы жақсару жағына қарай айтарлықтай өзгеріске ұшырады - коллекторлық агенттік пен борышкердіӊ өзара күрделі іс-қимыл жасау процесініӊ жетіспейтін элементтері толықтырылды, борышкерлердіӊ құқықтарын қорғау және коллекторлардыӊ қызметін бақылау бірнеше есе күшейтілді. Бұл туралы ҚР Парламентініӊ төменгі палатасыныӊ пленарлық отырысында "Коллекторлық қызмет туралы" заӊ жобасын қарау барысында ҚР Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Д. Ақышев хабарлады.

Қаржы реттеушісініӊ айтуынша, бұл соӊғы уақыттағы тек Парламентте ғана емес, сонымен қатар барлық мүдделі тараптардыӊ қатысуымен кеӊінен талқыланған аздаған заӊ жобаларыныӊ бірі. "Жұмысқа қоғам қайраткерлері, заӊгерлер, адвокаттар, коллекторлық компаниялар қосылды. Біз заӊ жобасы реттейтін процестіӊ барлық қатысушыларыныӊ мүдделерін ескеруге тырыстық және заӊ жобасы туралы қоғамдық пікірді оӊ қабылдауда ?eaa??eae o?no?e", - деп атап өтті ол.

Сонымен бірге Парламент Мәжілісініӊ қарауына бүгін "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заӊныӊ жобасы енгізілді.

ҚРҰБ Төрағасы айтқандай, заӊ жобасында Қазақстан Республикасыныӊ 5 Кодексіне және 7 заӊына өзгерістер енгізу көзделеді. Қылмыстық және әкімшілік кодекстер шеӊберінде заӊ жобасымен коллекторлық агенттіктіӊ коллекторлық қызметті есептік тіркеусіз жүзеге асырғаны, заӊмен қорғалатын құпияны заӊсыз жинағаны және жария еткені, борышкерлердіӊ құқықтарын бұзғаны және жосықсыз іс-әрекет жасағаны үшін заӊды жауапкершілік енгізіледі.

Д. Ақышев сондай-ақ заӊ жобасыныӊ ережелерімен Ұлттық Банктіӊ коллекторлық қызметті бақылау, коллекторлық агенттіктердіӊ қызметі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту және коллекторлық қызметті тексеруді жүзеге асыру бойынша өкілеттіктерін белгілейтінін атап өтті. Борышкерлердіӊ қорғалуын қамтамасыз ету шеӊберінде банктердіӊ борышкердіӊ берешегін оны коллекторлық агенттікке жұмыс істеуге бергенге дейін реттеуге бағытталған шараларды қабылдау жөніндегі міндеті көзделеді.

"Заӊ жобасыныӊ ережелері бизнес-ортаны нашарлататын алғышарттарды жасамайды және борышкерлердіӊ, коллекторлық агенттіктердіӊ және кредиторлардыӊ мүдделерініӊ теӊгерімін қамтамасыз етеді", - деп қорытындылады Ұлттық Банк басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны