07.04.2016, 21:02 5259

Қолма-қол төлемдерге шектеу тек заӊды тұлғалар үшін ғана енгізіледі - А. Терентьев

"Төлемдер мен төлем жүйелері туралы" ҚР Заӊыныӊ жобасында көзделген шектеу тек заӊды тұлғаларға ғана қолданылады. Бұл туралы ҚРҰБ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасыныӊ бастығы Александр Терентьев мәлімдеді

Астана. 7 сәуір. Kazakhstan Today - "Төлемдер мен төлем жүйелері туралы" ҚР Заӊыныӊ жобасында көзделген шектеу тек заӊды тұлғаларға ғана қолданылады. Бұл туралы ҚРҰБ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасыныӊ бастығы Александр Терентьев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Заӊ жобасы бүгін Парламент Мәжілісінде таныстырылғанын еске саламыз, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бұл нормада ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі талаптар ескерілген және көлеӊкелі экономикамен және жалған кәсіпкерлікпен күресті күшейтуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Үкіметініӊ ҚР Парламентініӊ қарауына енгізген Заӊ жобасы жеке тұлғаларға қатысты қолма-қол ақшаны пайдалануға қандай да бір шектеу қоймайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны