22.02.2012, 13:40 4894

"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2012 жылы бюджеттен 36 млрд теңге бөлінеді

Нақтыланған заң жобасындағы бюджеттің шығыс бөлігінде бірқатар басым бағыттар қарастырылған.

Астана. 22-ақпан. Kazakhstan Today - "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2012 жылы бюджеттен 36 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде "2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырған Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім еткен.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, нақтыланған заң жобасындағы бюджеттің шығыс бөлігінде бірқатар басым бағыттар қарастырылған.

Атап айтқанда "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы бойынша халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуге, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға, сондай-ақ ауылдық елді-мекендерді дамытуды мемлекеттік қолдауға қосымша 11,8 млрд. теңге бөлу көзделген. Ал "Қолжетімді тұрғын үй-2020" жаңа бағдарламасын іске асыруға 36,5 млрд. теңге жұмсау жоспарланып отыр", - дейді Қаржы министрі Болат Жәмішев. Бұл ретте инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, абаттандыруға және сатып алуға берілетін трансферттер 11 млрд. теңгені құраса, мемлекеттік коммуналдық тұрғын үй қорын жобалауға, салуға 25 млрд. теңге көзделеді. Оның ішінде әкімдіктерге кезекте тұрғындар үшін 10 млрд. теңге, жас отбасылар үшін 15 млрд. теңге қарастырылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны