05.06.2012, 09:12 3289

"Қолжетімді баспана" бағдарламасы бойынша 60 млн. шаршыметрден астам тұрғын үй іске қосылады

Бұл туралы үкімет отырысында Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

Астана. 5-маусым. Kazakhstan Today "Қолжетімді баспана" бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде 2013-2020 жылдар аралығында 63 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы үкімет отырысында Құрылыс және ТКШ істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде 2013 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде 63 млн. шаршы метр аумақты алатын жаңа баспана пайдалануға беріліп, 35 млн. шаршы метр аумақтағы екінші кезекті тұрғын үйлер жаңартылады, 1 млн-ға жуық отбасы баспана жағдайларын жақсартып, отандық өндірушілердің ішкі нарықтағы құрылыс материалдарын шығару үлесі 65 пайыздан 90 пайызға жетеді",- деді С.Нокин "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының жобасын таныстырып.

Бағдарламаның 2012-2020 жылдар аралығында сәтті жүзеге асырылуы үшін 1 трлн. 951 млрд. теңге немесе жылына орташа есеппен 217 млрд. теңге қажет болады.

Агенттіктің ақпараты бойынша, Бағдарламаның 2012 жылы жүзеге асырылуы үшін республикалық бюджеттен 146,2 млрд. теңге көзделген.

Естеріңізге сала кетейік, "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының жобасында тұрғын үй құрылысының бірнеше бағыты қарастырылған. Олар тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы тұрғын үй салу, Қазақстанның ипотекалық компаниялары негізінде жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысын дамыту, апатты жағдайда тұрған үйлерді бұзып, орнына жаңа баспана салу, жеке тұрғын үйлердің құрылысын дамыту, тұрғын үй қорларын жөндеу, т.б. бағыттар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны