22.05.2014, 20:41 3206

КО-мен еркін сауда жүргізу режиміне қызығушылық танытушылар саны артуда - Катырин

Кедендік одақпен еркін сауда режиміне қосылуға қызығушылық танытып отырған елдердің саны артып келеді. Бұл туралы бүгін Ресейдің Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Сергей Катырин ТМД елдерінің сауда-өнеркәсіп палаталары жетекшілерінің кеңесі отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды БЕЛТА ақпарат агенттігі.

Алматы. 22 мамыр. Kazakhstan today. Кедендік одақпен еркін сауда режиміне қосылуға қызығушылық танытып отырған елдердің саны артып келеді. Бұл туралы бүгін Ресейдің Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Сергей Катырин ТМД елдерінің сауда-өнеркәсіп палаталары жетекшілерінің кеңесі отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды БЕЛТА ақпарат агенттігі.

"Біз қазіргі таңда Кедендік одаққа қатысушы мемлекеттр мен Вьетнам арасындағы еркін сауда туралы келісімге қол қоюдың сәл-ақ алдында тұрмыз. Негізінен алдағы уақытта Кедендік одақпен еркін сауда режиміне қосылуға мүдделі елдердің саны көбейе түспек. Қазірдің өзінде бірқатар мемлекеттер қызығушылық танытып отыр. Осы тұрғыда өз мүддемізді сақтап қалу да өте маңызды", - дейді палата жетекшісі.

Кедендік одақтың ішкі саудасы туралы айта келіп, Сергей Катырин Ресейдің КО елдерімен тауар айналымы өзге шетелдерге қарағанда өзгешелеу екенін мәлімдеді.

"Кедендік одаққа жатпайтын мемлекеттермен сауда айналымында көмірсутегінің маңызы жоғары. Ал, Беларусь пен Қазақстан арасындағы экспорт-импорт қатынасы өзгешелеу. Бұл елдермен сауда айналымы негізінен көлік, құрылғы, электр қондырғылары мен өзге тауарлардың үлесі басым", - дейді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны