11.07.2014, 20:41 4139

КО-ның жиһаз өнімдерінің техникалық регламенті күшіне енді

Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап Кедендік Одақ елдерінің "Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі" ТР ТС 025/2012 техникалық регламенті күшіне енеді, деп palata.kz хабарлайды.

Алматы. 11 шілде. Kazakhstan today. Үстіміздегі жылдың 1 шілдесінен бастап Кедендік Одақ елдерінің "Жиһаз өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі" ТР ТС 025/2012 техникалық регламенті күшіне енеді, деп palata.kz хабарлайды.

Техникалық регламентті Ресейдің Өнеркәсіп және сауда министрлігі әзірлесе, Қазақстаннан Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі аталмыш іске атсалысыпты. Медициналық, сонымен қатар, жолаушыларды тасымалдау мақсаттарында қолданылатын, сондай-ақ, антикварлық, қолданыста болып, жөндеуден өткен жиһаздардан өзге жиһаз түрлеріне техникалық регламент жүреді. Регламентте жиһаздың беріктігі, биіктігі, қаттылығы-жұмсақтағы секілді талаптар бар. Құрамындағы түрлі химиялық заттардың мөлшері де белгіленген. Мәселен, жиһаздағы аммиак мөлшері - 0,04 мг-нан, формальдегид - 0,01 мг-нан, фенол - 0,003 мг-нан аспауы тиіс.

Бұл заттардың мөлшерден көп болуы адам денсаулығына кінәрат әкелуі мүмкін. Мұндайды болдырмау үшін жиһаз тиісті зертханаларда тексерілуі керек екен. Сондай-ақ, әр жиһаздың сертификаты мен паспорты болуы шарт.

Сонымен қатар, егер жиһаз маркалау талаптарына сай келмесе, шағын бизнес өкілдеріне - 50 АЕК, орта бизнеске - 100 АЕК және ірі бизнеске 200 АЕК айыппұл салынады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны