15.06.2017, 14:26 4046

"Қор биржасы ресми тізімініӊ құрылымы оны үш алаӊға бөлу жолымен қайта құрылды" -Д. Ақышев

Бағалы қағаздар нарығыныӊ тартымдылығын арттыру және институционалдық инвесторлардыӊ мүмкіндігін кеӊейту мақсатында бүгінгі күні Ұлттық Банк қор нарығында эмитенттер мен инвесторлардыӊ қызметін ырықтандыру, қор нарығыныӊ инфрақұрылымын жетілдіру, қаржы секторында жаӊа технологияларды енгізу бойынша шараларды іске асыруда.

Алматы. 15 маусым. Kazakhstan Today - Бағалы қағаздар нарығыныӊ тартымдылығын арттыру және институционалдық инвесторлардыӊ мүмкіндігін кеӊейту мақсатында бүгінгі күні Ұлттық Банк қор нарығында эмитенттер мен инвесторлардыӊ қызметін ырықтандыру, қор нарығыныӊ инфрақұрылымын жетілдіру, қаржы секторында жаӊа технологияларды енгізу бойынша шараларды іске асыруда. Бұл жайлы бүгін ҚР Ұлттық Банкініӊ Төрағасы Данияр Ақышев Америка сауда палатасыныӊ өкілдерімен кездесу барысында жасаған баяндамасында хабарлады.

Ол миноритарлық инвесторлар қызметініӊ заӊнамалық тұрғыдан күшейтілгендігі жөнінде айтып берді. Оныӊ айтуынша, бұл Қазақстанныӊ Дүниежүзілік Банктіӊ "Doing Business 2017" бағалауы шеӊберінде "Миноритарлық инвесторларды қорғау" индикаторы бойынша позициясын 25 орыннан 3 орынға көтеруді қамтамасыз етті. "Бағалы қағаздар нарығын жаӊғырту шеӊберінде қор биржасы ресми тізімініӊ құрылымы оны үш алаӊға бөлу жолымен қайта құрылды",- деп хабарлады Д. Ақышев.

Акциялар мен облигациялар эмитенті - ірі компаниялар үшін арналған "Негізгі" алаӊда әлеуетті инвесторлардыӊ тәуекелдерін төмендету мақсатында базалық талаптар сақталуда (аудитті жүргізу, ХҚЕС бойынша халықаралық есептіліктіӊ және корпоративтік басқару кодексініӊ болуы бойынша), -деп нақтылады ҚРҰБ басшысы.

"Екінші алаӊ - "Баламалы" - шағын және орта бизнес субъектілері болып табылатын акциялар мен облигациялар эмитенттеріне арналған. Бұл алаӊда қор нарығына капиталды тартуды кеӊінен тарату мақсатында ақпаратты жария ету бойынша барынша жеӊіл талаптарды белгілеу, мәмілелер бойынша айла-шарғыныӊ қадағаланбауы, негізгі алаӊмен салыстырғанда барынша төмен листинг алымдары жоспарланып отыр, - деп хабарлады ол. - "Аралас" - Үшінші алаӊда - исламдық бағалы қағаздар, инвестициялық қорлардыӊ бағалы қағаздары, туынды қаржы құралдары, МБҚ, халықаралық қаржы ұйымдарыныӊ бағалы қағаздары сияқты секторлар қамтылады".

Өз сөзінде Д. Ақышев ағымдағы жылы Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесе отырып нақты шаралары, мерзімдері мен күтілетін нәтижелері бар қор нарығын дамытудыӊ кешенді бағдарламасын әзірлеуді де жоспарлап отырғанын атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны