08.09.2015, 11:09 3811

Қордыӊ Директорлар кеӊесі "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобыныӊ жаӊа сатып алу тұжырымдамасын мақұлдады

Жаӊа тұжырымдама жетекші халықаралық кеӊесшілердіӊ қатысуымен жасалған. Сатып алуды басқару жобасы Қорды Трансформациялау бағдарламасы аясында іске асырылып жатыр.

Астана. 8 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Қордыӊ Директорлар кеӊесі кезекті отырысында "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобыныӊ жаӊа сатып алу тұжырымдамасын қарап, мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жаӊа тұжырымдама жетекші халықаралық кеӊесшілердіӊ қатысуымен жасалған. Сатып алуды басқару жобасы Қорды Трансформациялау бағдарламасы аясында іске асырылып жатыр.

"Талдау кезінде сатып алулар жүйесін жетілдіру мүмкіндіктері анықталды. Сонымен қоса, қазіргі сатып алу жүйесі Қазақстанныӊ ЕАЭО келісімі аясында қабылданған Дүниежүзілік сауда ұйымыныӊ талаптары мен жағдайына сай келмейді", - деп атап өтті "Самұрық-Қазына" АҚ бизнес трансформациясы жөніндегі бас директоры Адамас Илькявичюс.

Тұжырымдама бірқатар маӊызды өзгерістерді қамтиды және сатып алудыӊ үздік әлемдік тәжірибесін ескере отырып жасалған. Соныӊ ішінде, Қор деӊгейінде тауарлар, жұмыстар мен қызметтердіӊ нақты бір бөлігін орталықтандыру көзделген; қоржын компанияларда сатып алудыӊ стратегиялық категорияларын оӊтайландыру жоспарлануда.

Алдын ала бағалау бойынша сатып алуды басқару жобасын іске асыру 2019 жылға дейін 1,4-2,1 млрд. доллар көлемінде үнем жасауға мүмкіндік бермек.

Сондай-ақ, Директорлар кеӊесі "Самұрық-Қазына" АҚ Трансформациялау бағдарламасыныӊ орындалу барысын қарап, нәтижесінде ұлттық компаниялар жетекшілеріне жоғары орындаушылық тәртіп пен іс-әрекетті үйлестіру тапсырылды. Сонымен қоса, әлемдік экономикалық нарықтыӊ аужайына қарай Қор дамуы стратегиясына да өзгерістер енгізу мәселесі талқыланды. Барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Корпоративтік коммуникация бөлімі "Самұрық-Қазына" АҚ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны