13.05.2009, 17:38 2723

Корея Республикасының президенті Қазақстанға энергетика, ақпарат және транспорт саласындағы ынтымақтастық жоспарларын жасауды ұсынады

Корея Республикасының президенті Қазақстанға энергетика, ақпарат және транспорт саласындағы ынтымақтастық жоспарларын жасауды ұсынады

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Корея Республикасының президенті Ли Мен Бак Қазақстанға энергетика, ақпарат және транспорт саласындағы ынтымақтастық жоспарларын жасауды ұсынады. Бұл туралы ол бүгін Қазақстан-Корея бизнес-форумы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мен бүгінгі күні екі елдің энергетика, ақпараттық технологиялар және транспорт саласындағы ынтымақтастық белдеуін құруын қалар едім", - деді Ли Мен Бак.

Оның айтуынша, " энергетикалық белдеу аясындағы ынтымақтастық тек табиғи ресурстар саласындағы ынтымақтастықты ғана меңземейді, ол қуат көздерін тасымалдау желілерін құрудан бастап түрлі инфрақұрылымдар құру бағытындағы жобаларды дамытуды білдіреді".

"Кореяның құрылыс және атом электр станцияларын басқару, электр жалғастыру желілерін тарту салаларында бірегей технологияларға ие, сол себепті біз осы үш технологияны Қазақстанның энергетикалық ресурстарын игерумен біріктіретін болсақ, бұл - күшті әсер береді", - деді ол.

Оның айтуынша, транспорт саласындағы ынтымақтастық белдеуін құру "транспорт саласындағы инновацияларға алып келеді, соның ішінде кеме, әуе және темір жол қатынасы салалары бар". Президент Ли Мен Бактың айтуынша, "егер Қазақстан Кореяның танкерлерін сатып алатын болса, бұл танкерлер дүниежүзін, Каспий, Қара және Жерорта теңіздерін жаппай шарлайтын болады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны