01.08.2008, 18:49 3006

Кореялық бизнесмендер Қазақстанда тұрғын үйді жалға беру, концессия негізіндегі автомобиль жолдарының құрылысы саласындағы жобаларды жүзеге асыру туралы ұсыныс білдірді

Кореялық бизнесмендер Қазақстанда тұрғын үйді жалға беру, концессия негізіндегі автомобиль жолдарының құрылысы саласындағы жобаларды жүзеге асыру туралы ұсыныс білдірді

Астана. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Кореялық бизнесмендер Қазақстанда тұрғын үйді жалға беру, концессия негізіндегі автомобиль жолдарының құрылысы саласындағы жобаларды жүзеге асыру туралы ұсыныс білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Оңтүстік Кореяның "Shinhan bank" банкінің Қазақстан Республикасындағы ресми өкілі, "INO" (ИНО) компаниясының бас директоры Джон Чан-Квонмен кездесті.

Тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кейбір мәселесін, атап айтқанда -Қазақстан экономикасына Корея компаниялары мен банктерінің инвестициясын тарту саласын қарады.

Кездесу барысында компания Алматы қаласында бір жобаны іске асыратын алданған үлескерлерді қорғау жөніндегі үкіметтік бағдарламаны жүзеге асыру мәселесі қозғалды.

Сонымен қатар, кореялық инвесторлар пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеуге қызығушылық танытты.

Жалпы, премьер-министр Д. Чан-Квонның ұсынысын қабыл алып, ұсынылған жобаларды келешекте іске асыру үшін тиісті органдармен келіссөздер жүргізу қажеттігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны