13.09.2012, 16:08 3617

Кореяның Қазақстанға салған инвестициясы 8 млрд доллардан асады

Бүгін Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бактің қатысуымен "Астана-Үлкен кенті" арасында өткен телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Корея бұрынғы кеңестік елдер арасында Қазақстанға ең көп инвестиция құйып отырғанын жеткізді.

Астана. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today - Кореяның Қазақстанға салған инвестициясы 8 млрд доллардан асады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бактің қатысуымен "Астана-Үлкен кенті" арасында өткен телекөпір барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Корея бұрынғы кеңестік елдер арасында Қазақстанға ең көп инвестиция құйып отырғанын жеткізді.

"Бүгінгі таңда Қазақстан мен Корея арасындағы өзара қарым-қатынас стратегиялық деңгейге көтерілді. Корея бұрынғы кеңестік елдер арасында Қазақстанға ең көп инвестиция салып отыр. Қазірдің өзінде 3 млрд доллар игерілді. Жаңа жобалар портфеліндегі инвестиция 8 млрд доллардан асады", - деген Мемлекет басшысы еліміздегі Корея инвестиция салған бірнеше жобаларды атап өтті.

"Олар - батыстағы химия кешені, Оңтүстік Кореяда жасалған автокөліктерді құрастыру жобасы, жасыл энергия құру жобасы және т.б. Енді олардың қатарына Балқаш ЖЭС қосылып отыр", - деп түйіндеді Елбасы.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы "Илеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты" атты Жолдауында Үкіметке Балқаш жылу электр станциясы бірінші модулінің құрылысын биылдан қалдырмай қолға алуды тапсырған болатын. Жобаның құны 2,3 млрд доллар, электр станциясының қуаттылығы - 1320 мегаватт, деп хабарлады BNews.kz ақпараттық агенттігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны