30.04.2008, 18:46 6961

Қорғас кентінде жаңа әуежай салу жобасын концессиялық нысандардың тізіміне қосу ұсынылып отыр - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

Қорғас кентінде жаңа әуежай салу жобасын концессиялық нысандардың тізіміне қосу ұсынылып отыр - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

Астана. 30-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қорғас кентінде жаңа әуежай салу жобасын концессиялық нысандардың тізіміне қосу ұсынылып отыр, деп хабарлайды агенттік ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Азаматтық авиация саласында маңызды міндет - тасымал көлемінің артуына байланысты әуежайлардың жер бетіндегі инфрақұрылымын жақсарту. Осыған орай, Қорғас кентінде жаңа әуежай салу жоспарлануда. Және жалпы құны 60 млрд. теңге болатын бұл жобаны концессиялық нысандардың тізіміне қосу ұсынылып отыр, деп хабарладйы баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында "Боинг" және "Эйрбас" типтес ұшақтардың қолданылуына байланысты, Талдықорған қаласының әуежайын ИКАО-ның халықаралық стандарттарына сәйкестендіру үшін аэродромды қайта салып, арнайы техниканы сатып алу қажет.

Министрліктің түсініктемесіне сәйкес, "Қорғас-Шығыс қақпасы" шекаралық сауда-экономикалық аймақ" еркін экономикалық аймағын құру, жүк әуе тасымалдарының даму болашағы халықаралық талаптарға сай келетін, үлкен жүккөтерімділігі бар ұшақтарды қабылдай алатын жаңа әуежайдың салынуын қажет етеді.

ИКАО-ның халықаралық стандарттарына сәйкес, І, ІІ, және ІІІ классты әуе кемелерін тұрақты түрде пайдалану үшін, "Б" класынан төмен емес әуежайды салу қажет.

"Қазаэрожоба" РМК зерттеу жүргізіп, Қорғас әуежайы орналасуының үш үлгісін ұсынды. Мемлекеттік шекарадан 32 км қашықтықта орналасатын әуежайдың үлгісі қабылданды. Иуежай кешені келесі нысандардан тұрады: "Боинг-747" типті әуе кемесін қабылдай алатын ұшу-қону алаңы; магистарльді және қосатын рульдік жолдардың жүйесі; негізгі жүк және қосымша жолаушы перроны; әуе қозғалысын және қонудың радиотехникалық құралдарын басқару ғимараты мен құрылғылары;

кем дегенде ИКАО-ның І категориясына сәйкес әуе кемелерін қондырудың жарық беру жүйесі; халықаралық жүк терминалы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны