30.04.2008, 18:37 7027

"Қорғас-Жетіген" жаңа темір жол желісін салу жобасы бойынша байқауда "ЕNRC Logistics" компаниясы жеңіске жетті - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

"Қорғас-Жетіген" жаңа темір жол желісін салу жобасы бойынша байқауда "ЕNRC Logistics" компаниясы жеңіске жетті - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі

Астана. 30-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Концессиялар жөніндегі комиссияның хаттамалық шешімімен "Қорғас-Жетіген" жаңа темір жол желісін салу жобасы бойынша байқауда "ЕNRC Logistics" компаниясы жеңіске жетті, деп хабарлайды агенттік ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов Алматы облысына іс-сапармен барып, онда облыс активінің қатысуымен осы аймақтың көліктік-коммуникациялық кешенінің мәселелері бойынша мәжіліс өткізді. "Темір жол саласында "Қорғас-Жетіген" жаңа темір жол желісін салу жобасы жүзеге асырыла бастады. Бұл жобаның саяси және экономикалық маңызы зор",- делінген хабарламада.

"Бұл жоба Қытаймен арадағы шекарада екінші темір жол шекаралық өткізу бекетін ашуды көздейді. Бұл өткізу бекеті жүк тасымалы, соның ішінде транзиттік тасымал көлемінің артуына мүмкіндік береді. Жаңа темір жол желісін пайдалануға берген кезде Ақтау мен Алматыдан Қытайға баратын жол 550 шақырымға қысқарады".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, министр сондай-ақ, темір жол саласын дамытудың келесі бір маңызды бағыты - жүк тасымалы ерекше тығыз болатын учаскелерді электрлендіру жайлы да әңгімеледі. "Қазіргі таңда "Алматы-Ақтоғай", "Ақтоғай-Достық", "Ақтоғай-Мойынты" учаскелерін электрлендіру жобалары бойынша техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып жатыр. Ол биылғы жылдың қазанында дайын болады. Бұл жобаларды да кеонцессиялық негізде жүзеге асыру жоспарлануда",- делінген хабарламада.

Болашақта Қытай мен Қазақстан арасындағы жүк айналымы жылына 25 млн. тоннаға дейін жетеді. Бұл Достық станциясын дамуты жобасында қарастырылған. Сондықтан, биылғы жылы концессиялық негізде "Қорғас-Жетіген" темір жол желісін салу жобасы жүзеге асырыла бастайды. Бұл екінші халықаралық өтпелді ашу арқылы Қазақстанның транзиттік әлеуетін ұтымдырақ қолдануға жағдай жасайды.

Темір жол желісінің ұзақтығы - 298,4 км, жалпы құны - 93 млрд. теңге.

Қазіргі таңда концессионер "ЕNRC Logistics" айқындалды, келісім шартқа қол қойылды.

"Қорғас-Жетіген" темір жол желісі Алматы облысының бес ауданының аумағы арқылы өтетін болады (Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Панфилов).

Құрылыс жұмыстары кезінде 5,5 мыңға жуық жұмыс орындары пайда болып, кейін жолды пайдалану кезінде тағы 2 мыңнан астам жұмыс орындары пайда болады.

Талдықорған қаласындағы мәжілістің қорытындысы бойынша, хаттамаға қол қойылды. Содан кейін министр С.Ахметов Алматы қаласына жол тартып, онда "ЕNRC Logistics" ЖШС компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарладйы баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны