20.09.2016, 19:40 3477

Көші-қон туралы заӊға түзетулер енгізу елімізде шетелдік жұмыс күші ағымын арттырмайды - ҚР ДСИДМ

"Шетелдік жұмыс күшін тартудыӊ арнайы шарттары бар. Қазіргі таӊда ақылы жүйе енгізілуде, яғни әрбір қызметкер үшін ақы төле де оларды қызықтыра бер", - деді А.Қаржаубаев.

Астана. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Халықтыӊ көші-қоны туралы" ҚР Заӊына өзгеріс енгізу Қазақстанда шетелдік жұмыс күшініӊ ағымын арттырмайды, деп мәлімдеді Алматы процесініӊ жоғары лауазымды қызметкерлерініӊ үшінші кездесуі барысында ҚР ДСИДМ әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасыныӊ орынбасары Аслан Қаржаубаев.

Айта кетейік, Қазақстанда "Халықтыӊ көші-қоны туралы" Заӊға өзгеріс енгізіліп, 2017 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап өз күшіне енеді.

"Шетелдік жұмыс күшін тартудыӊ арнайы шарттары бар. Қазіргі таӊда ақылы жүйе енгізілуде, яғни әрбір қызметкер үшін ақы төле де оларды қызықтыра бер", - деді А.Қаржаубаев.

Жұмысшылар үшін міндетті ақы төлеу өнеркәсіпке байланысты сараланатын болады. Мәселен, еліміздіӊ ауыл шаруашылығы секторында шетелдік қызметкер үшін ақы төлеу арзандау болады, ал мұнай-газ секторында қымбаттау.

"Бұған қоса сала ішінде де бөлінеді. Егер жоғары білікті кадрлар керек деген шешімге келетін болсақ, оларға жақсы жағдай жасауымыз керек, ол аз төлейтін болады. Егер жұмыс беруші қарапайым жұмысшыны қызықтырар болса, оған көбірек ақы төлеуі қажет болады. Жұмыс беруші өзіне тиімді жағын қарастыра білуі тиіс: кез-келген қазақстандықты оқытып, ешкімніӊ рұқсатынсыз оныӊ қызметін пайдалану немесе жыл сайын шетелдікке ақы төлеу", - деді А.Қаржаубаев.

Сонымен қатар, мұндай жағдайда көші-қон квота жүйесі сақталатынын айтты.

"Егер бүгінде экономикалық белсенді халықтыӊ 0,7% деӊгейінде белгіленсе, яғни шамамен 63 мыӊ адам, ол шын мәнінде 30-35 мыӊға дейін қолданылады. Бұл қарқынмен өседі деп ойламаймын. Біз төмендету немесе арттыруды мақсат етпейміз, бізде бір ғана мақсат - елімізде қызмет ететін шетелдік қызметкерлер білікті және жергілікті деӊгейде табу мүмкін емес маман болуы тиіс", - деп атап өтті ол.

А.Қаржаубаевтыӊ айтуынша, бүгінде жеке тұлғалардыӊ еӊбек мигранттарына арналған квота қамтамасыз етілмеген, алайда жаӊа заӊ жобасында осы мәселені енгізу қарастырылып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны