15.07.2009, 18:19 3415

Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғанын растау рәсімі 2009 жылдың 1 шілдесінен басталады

Қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғанын растау рәсімі 2009 жылдың 1 шілдесінен басталады

Астана. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті салық төлеушілер салық әкімшілігінің тиімділігін көтеру, сондай-ақ Қосылған құн салығын төлеушілер қатарынан теріс пиғылды салық төлеушілерді шығарып тастау мақсатында ҚҚС бойынша есепке қойылғанын растау рәсімі 2009 жылдың 1 шілдесінен басталатынын хабарлайды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Хабардамада атап көрсетілгеніндей, "осылайша, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қоданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңының 44-бабына сәйкес 2009 жылғы 30 маусымды қоса алғанда, ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрған барлық салық төлеушілер ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылғанын растау үшін орналасқан жері бойынша салық органына 2009 жылғы 1 желтоқсанға дейін мынадай құжаттарды: Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салық өтінішін; Қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлікті; салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін табыс ету қажет".

"Салық органы өтініш берілген күннен бастап ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қоюды растау немесе растаудан бас тарту туралы шешімді бір ай ішінде қабылдайды.

Салық органдары ҚҚС төлеушісінде мына шарттардың бірнешеуі немесе бірі бар болған жағдайда: салық есептілігін беру жөніндегі орындалмаған салық міндеттемесі болған; заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы немесе жеке кәсіпкер, әрекетсіз дара кәсіпкер, әрекетсіз заңды тұлғаның құрылтайшысы және (немесе) басшысы, іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 216, 217-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам, іздеу салынған адам болып табылған ретте, ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылуын растаудан бас тартуға құқылы",- делінген хабарламада.

Егер салық төлеуші ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылғанын растау үшін 2009 жылғы 1 желтоқсанға дейін салық органдарына жүгінбеген жағдайда, онда осындай салық төлеуші 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған болып есептеледі. ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы 2009 жылғы 30 маусымды қоса алғанда берілген куәлік 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап жарамсыз деп танылады.

ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қойылғанын растау рәсімін өту бойынша толық ақпаратты алу үшін орналасу орындары бойынша салық органдарына жүгіну қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны