27.09.2018, 18:35 4451

Қостанай қаласында 198 жалдамалы пәтер әкімдіктіӊ кезегінде тұрғандар үшін тапсырылады

Қазіргі уақытта объектілердіӊ құрылысы аяқталуға жақын. Инженерлік коммуникацияларда толығымен жеткен. Кешендердіӊ ішкі аумағында абаттандыру жұмыстары орындалуда. Тұрғын үйлерді үстіміздегі жылдыӊ қазанында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Қостанай. 27 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарушы директоры - Басқарма мүшесі Нұржан Нұрланов Қостанайдағы жалдамалы тұрғын үй құрылысын инспекциялады.

Жұмыс сапарыныӊ шеӊберінде "Бәйтерек" Холдингініӊ және оныӊ еншілес ұйымдарыныӊ өкілдері Герцен-Киевская көшелерініӊ аумағындажәне "Иуежай" ықшам ауданында орналасқан екі тұрғын үй объектілерініӊ құрылысы барысымен танысты. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды "Бәйтерек девелопмент" АҚ "Қазақстандық Ипотекалық Компания" ИҰ" АҚ-мен бірлесе жүзеге асырады.

Қостанай әкімі хабарлағандай, жалпы көлемі 10 255 ш.м. жаӊа үйлер Өӊірлерді дамыту бағдарламасы-2020 бойынша салынуда және Қостанай қаласы әкімдігініӊ кезегінде тұрған адамдарға арналған. Тұрғын үй кешендерінде 198 пәтер бар, олардыӊ барлығысатып алу құқығымен жалға 20 жылға берілетін болады.

Жалға берілетін пәтерді алуға басымдық құқық халықтыӊ тұрмысы төмен әлеуметтік топтары: көп балалы және толық емес жанұялар, мүгедек балалары бар және оларды тәрбиелейтін отбасылары, мүгедектер, ата-анасыныӊ қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдардыӊ жұмыскерлеріне берілетінін атап өту керек.

Қазіргі уақытта объектілердіӊ құрылысы аяқталуға жақын. Инженерлік коммуникацияларда толығымен жеткен. Кешендердіӊ ішкі аумағында абаттандыру жұмыстары орындалуда. Тұрғын үйлерді үстіміздегі жылдыӊ қазанында пайдалануға беру жоспарланып отыр.

"Бағдарламахолдинг пен мемлекеттік органдардыӊ ұйымдасқан жұмысыныӊ арқасында тиімді іске асырылуда. Мәселен, 2016-2017 жылдарытек "Бәйтерек девелопмент" желісі бойынша Қостанайда780 жалға берілетін және кредиттік тұрғын үйлер салынды және пайдалануға берілді. Оныӊ 554 пәтерінетұрғындар қоныстанды. 226 пәтер өткізу кезеӊінде тұр, оныӊ ішінде 122 пәтер "7-20-25" бағдарламасы бойынша өткізілетін болады. Қалған тұрғын үйлерТұрғын үй құрылыс жинақ банкініӊ салымшыларына берілетін болады", - деп хабарлады"Бәйтерек" ҰБХ АҚ Басқарма мүшесі- басқарушы директоры Нұржан Нұрланов.

Бұдан басқа, "Нұрлы жер" бағдарламасы шеӊберінде холдингтіӊ еншілес ұйымы "Бәйтерек девелопмент" жергілікті атқарушы органдардыӊ облигацияларын сатып алу жолымен кредиттік тұрғын үйлердіӊ құрылысын қаржыландырады. 2016 жылдан бастап,Қостанай облысыныӊ бағалы қағаздары жалпы 14,2 млрд теӊге сомаға сатып алынды. Бұл қаражаттар есебінен өӊірде 1470 пәтерлі тұрғын үйлер салынды. Тағы 1826 пәтер белсенді құрылыс кезеӊінде тұр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны