06.08.2009, 14:44 3115

Қостанай облысында 400 мың гектарға жуық бидай егістігі қуаңшылықтан зардап шекті

Қостанай облысында 400 мың гектарға жуық бидай егістігі қуаңшылықтан зардап шекті

Қостанай. 6 тамыз. Kazakhstan Today - Қостанай облысында 400 мың гектарға жуық бидай егістігі қуаңшылықтан зардап шекті, деп хабарлайды Қостанай облыстық ауылшаруашылығы басқармасының егін шаруашылығы бөлімінің бастығы Сәлімжан Есенаманов.

"Қостанай облысында жалпы 400 мың гектардағы бидай жаздағы қуаңшылықтың кесерінен нашар шықты. Мұндай алқаптардан бір гектардан 1 - 2 центнерден аспайтын егін орылады. Облыс бойынша бүгінде орташа шығымдылық бір гектардан 8 - 9 центнер шамасында бағалануда", - деді ол.

Негізінен Қамысты, Наурызым, Жангелді және Амангелді аудандарындағы алқаптар зардап шекті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны