05.10.2007, 15:45 3146

Қостанай облысында 6,5 млн тонна астық жиналды

Қостанай облысында 6,5 млн тонна астық жиналды

Астана. 5-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында рекордтық түсім - 6,5 млн тонна астық жиналды. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагиннің Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолданған жеделхатында айтылған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Механизаторлардың, ауыл шаруашылығы мамандарының тынымсыз еңбегі мен шеберлігі, ылғал сақтайтын технологиялар элементтерін кеңінен қолдану, алдыңғы жылдары жаңартылған техникалық парктің жоғары әзірлігі рекордтық көлемдегі астық жинауға мүмкіндік берді. Гектарына 16,56 центнер түсім жағдайында облыстың егіс алқаптарынан 6 миллион 552 мың тонна астық жиналды", - деп көрсетілген жеделхатта.

Мәтінде баяндалғандай, "мұндай түсімді Қостанай облысы өзінің бүкіл ғұмырында алып көрмеген". "Біз мемлекетіміздің негізгі астық аймағы деген дәрежесін тағы бір рет дәлелдеуге мүмкіндік алғанымызды мақтан тұтамыз", - деп жазылған жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны