19.02.2014, 19:45 31368

Қостанай облысында 700 млн теңгенің элеваторы салынады

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, жылына 30 мың тонна бидайлық шағын элеватор құрылысы құны 700 млн теңгені құрайды.

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan today. Қостанай облысы Жітіқара моноқаласында 700 млн теңгелік элеватор салыну жоспарланған.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, жылына 30 мың тонна бидайлық шағын элеватор құрылысы құны 700 млн теңгені құрайды. Жобаны қолға алған Artemis ЖШС. Жер телімі бөлініп, жобалау-сметалық жұмыстар аяқталуға жақын. Банкте несиелік желі ашылды. "Моноқалаларды дамыту" бағдараламасы аясында аталмыш жобаға темір жол тарту қарастырылған, сонымен қатар банк несиесі бойынша субсидия да берілмек.

Жітіқара ауданы әкімінің айтуынша, биыл 50 млн теңге көлеміндегі мал шаруашылығы саласында 4 жобаны іске асыру көзделген.

"Ауыл шаруашылығына инвестиция тарту мақсатында біз сүт-тауар фермаларын құру, бордақылау қораларын салу, "Сыбаға" бағдарламасы қатысушыларына мал алу секілді инвестициялық жобаларды іске асыру шартымен ғана жер беру қарастырылған. Қазірдің өзінде бізге екі сүт-тауар фермасы мен иррегациялық жүйе құрылысын салу туралы ұсыныс келіп түсті", - дейді әкім.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны