28.07.2017, 19:25 4468

Қостанай облысында биыл жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерді несиелеуге 1,8 млрд теӊге бағытталатын болады

Қостанай облысында биыл жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерді несиелеуге 1,8 млрд теӊге бағытталатын болады

Қостанай. 28 шілде. Kazakhstan Today - Сүт қабылдау бекеттері мен мал сою бекеттеріне арналған 5 модулдік кешен "Астық" Элеваторлық құралдар зауытынан" қостанайлық кооперативтерге жіберіледі. Кооперативтер модульдерді сатып алу үшін жеӊілдетілген қаржыландыру мен қатар мемлекеттік субсидия алып, кепілдікке сатып алған мүлікті қойды.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ ауылшаруашылық кооперативтерді жеӊілдетілген бағдарламалар бойынша қаржыландырады. "Ынтымақ" бағдарламасы арқылы несиелік қаражат ет, сүт, көкөніс-жеміс, бал өнімдерін шығару үшін сервистік-дайындау цехтерін ашуға бағытталады.

Қаржыландыру механизмі бойынша кооперативтіӊ инвестициялық шығындары 50 пайызға мемлекеттік субсидиялау арқылы жабылады.

Қостанай облысы аймағында ет және сүт бағытындағы кооперативтерге қажетті құрал-жабдықтарды "Астық" Элеваторлық құралдар зауыты" ЖШС шығарады.

- 5 модульдік сүт қабылдау бекеті мен мал сою бекеті ауыл округтеріне жеткізіледі, - дейді "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ Қостанай филиалыныӊ директоры Марат Салықбаев. - Мал сою бекетініӊ бағасы - 22 миллион теӊге, мемлекеттік субсидиялауды есептегенде, мұндай бекеттіӊ бағасы кооператив үшін екі есе арзан шығады. Дәл сондай шарт сүт қабылдау бекеттерінде де пайдаланады. Жалпы, Қостанай филиалы "Ынтымақ" бағдарламасы бойынша Денисов, Жетіқара, Қостанай, Қарабалық, Амангелді, Науырзым, Меӊдіқара аудандарында 8 кооператив қаржыландырылды.

"Рыспай", "Ар-Агро-Денисовка", "Ар-Агро", "Бурли", "Амангелді-Агро" кооперативтері өздері орналасқан ауыл округтерініӊ тұрғындарын біріктіреді. Жалпы, осы кооперативтерге кірген 177 мүше қосалқы шаруашылықтардан тұрақты табыс алады.

- "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" жүзеге асыратын несиелеу бағыттары біз үшін өте тиімді, - дейді "Жалғас" ауылшаруашылық өндірістік кооперативініӊ төрағасы Жазылбек Нұрханов. - Құрал-жабдықтарды екі есе арзан бағамен сатып аламыз. Несиені рәсімдеумен де проблема болған жоқ - филиал қызметкерлері кеӊес беріп, модуль дайын болғанша бізбен бірге жүрді. Бүгін кооперативімізде 20 мүше бар, олардыӊ барлығы мал сатып алу үшін Қорға несиелеу өтінімдерін тапсырды. Етті Қостанайдағы зауытқа тапсырамыз. Нарықтағы сұранысты есепке алсақ, несиені жақын үш-төрт жылдыӊ ішінде жабамыз деген жоспар бар.

Жалпы, Қостанай облысында биыл жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерді несиелеуге 1,8 млрд теӊге бағытталатын болады. Бірінші жартыжылдықта 19 кооператив құрылып, 8 кооператив жалпы сомасы 114,6 миллион теӊгеніӊ несиесін алды.

"Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" акционерлік қоғамы - "ҚазАгро" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігініӊ банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар. Қордыӊ негізгі міндеті - қаржылық қызметтер мен ресурстарға ауыл тұрғындарыныӊ қол жетімділігін арттыру,- деп хабарлайды "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны