20.05.2008, 10:03 1397

Қостанай облысында дизельдік отын литрі 110 теңгеге жетті

Қостанай облысында дизельдік отын литрі 110 теңгеге жетті

Қостанай. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында дизельдік отын бірден 26 теңгеге қымбаттап, литрі 110 теңгеге жетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазагромаркетинг" АҚ мәліметтеріне сүйенсек, 12 мамырда дизельдік отын жанармай құю бекеттерінің көпшілігінде 81 теңге тұрған. Қазір "Қостанай мұнай өнімдер" АҚ мұнай базасының менеджерлерінің айтуынша, осы компанияның жанармай құю бекеттерінде жазғы дизельдік отынның бағасы 97 теңге, ал қысқысы 110 теңге.

Кейбір жанармай құю бекеттері дизельдік отынның бағасы жазылған тақтайшаны алып тастап, дизельдік отынның жоқ екендігіне сендіруде. Алайда, Қостанайдың автотасымалдаушы фирмаларының басшылары автобус парктерінің жанармай жетіспеушілігін көріп отырмағанын айтуда. Қостанайдың жанармай құю бекеттерінде әзірге сап түзеген кезек жоқ.

Жергілікті автотасымалдаушылар қазір миллиондаған шығын көруде. "Дизельдік отынның кенет қымбаттауына байланысты Қостанайдың автотасымалдаушыларының 7 ірі фирмасы қала әкіміне бүгіннен бастап жолаушылар тасымалының тарифін 35 теңгеден 40 теңгеге және болашақта 50 теңгеге қымбаттатуға рұқсат беру жөнінде өтініш жолдады", - деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне "Жарық жол" компаниясының директоры Виктор Эдуардов.

"Өтінішіміз қабылданбаған жағдайда біз бағыттық көліктер санын 50 пайызға дейін қысқартуға мәжбүрміз", - деп хабарлады тасымалдаушылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны