28.05.2009, 14:34 2598

Қостанай облысында егістікке бөлінген аумақтардың жартысынан астамына тұқым себілді

Қостанай облысында егістікке бөлінген аумақтардың жартысынан астамына тұқым себілді

Қостанай. 28 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында егістікке бөлінген аумақтардың жартысынан астамына, нақтырақ айтсақ 55%-ына тұқым себілді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне Қостанай облыстық ауылшаруашылығы басқармасы хабарлады.

Басқарма мәліметінше, 27 мамырдағы жағдаймен 2,3 млн гектарға, немесе биылғы барлық егіс алқаптарының 55%-ына егін егілді. Облыстың кейбір аудандарында бұл көрсеткіш - жоғары. Атап айтсақ, Арқалықта жердің 75%, Иулиекөл ауданында - 67%, Жетіқара ауданында - 60%, Қостанай ауданында - 59%, Алтынсарин ауданында - 58%, Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарында - әрқайсысы 57%-дан.

"Бастапқыда біз күніне 300 мың гектарға егін егуді жоспарладық. Алайда, бұл қарқын ұлғайтылып, қазір күн сайын 380 мың гектардан егіп жатырмыз", - дейді Қостанай облыстық ауылшаруашылығы басқармасының егін шаруашылығы және озық технологиялар бөлімінің бастығы Сәлімжан Есенаманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны