25.06.2010, 11:21 2361

Қостанай облысында екі инвестициялық жоба іске қосылды

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қостанай ауданының Ждановка аулында "Жас қанат" Бройлерлік фабрикасы" ЖШС "Ет бройлерлерін шығару және өңдеу" жобасы аясында құс етін өндіруге кірісті. Жоба құны 585,8 млн теңге.

Қостанай. 25-маусым. Kazakhstan Today Кеше Қостанай облысында екі инвестициялық жоба іске қосылды, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігіне облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қостанай ауданының Ждановка аулында "Жас қанат" Бройлерлік фабрикасы" ЖШС "Ет бройлерлерін шығару және өңдеу" жобасы аясында құс етін өндіруге кірісті. Жоба құны 585,8 млн теңге.

Сонымен қатар, кеше Федоров ауданының Қамыш аулында "Тұрар" ЖШС "Ірітауарлы сүт фермаларын салу" жобасы іске қосылды. Серіктестік "Карусель" сүт сауу кешеніне қажетті 435 млн теңгеге құрылғылар сатып алған. 36 орынды мал сауатын орны мен 1 мың бас малы бар сүт кешенінің инвестициялық жобасының құны 813,2 млн теңгені құрап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны