27.06.2012, 11:09 3979

Қостанай облысында өсімдік майын өндіретін зауыт ашылды

Копыченка ауылындағы "Қаржау" шаруа қожалығы "Лавра" (күнбағыс және зағыр) өсімдік майын өндірумен айналысады. Олар майларды Қазақстанның барлық аймақтарына және алыс шетелге де жеткізіп тұрады. Енді Федоров ауданында екі өсімдік майын өндіру зауыты қатарынан жұмыс істейтін болды.

Қостанай. 27-маусым. Kazakhstan Today - Қостанай облысында өсімдік майын өндіретін зауыт ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қостанай облысы әкімшілігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Мейрам Өтешов мәлім етті.

Копыченка ауылындағы "Қаржау" шаруа қожалығы "Лавра" (күнбағыс және зағыр) өсімдік майын өндірумен айналысады. Олар майларды Қазақстанның барлық аймақтарына және алыс шетелге де жеткізіп тұрады. Енді Федоров ауданында екі өсімдік майын өндіру зауыты қатарынан жұмыс істейтін болды.

"Жаңа өндіріс үшін басшылық неміс қондырғыларын сатып алу жөнінде шешім қабылдады. Қазір шемішкелерді түсіріп, дайын өнім шығаруға дейінгі барлық процесс компьютер арқылы басқарылады", - деп атап өтті Қостанай облысы әкімшілігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Мейрам Өтешов

Оның айтуынша, жаңа зауыт осы өніммен ішкі нарықты қамту көлемін кеңейте түсетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны