27.06.2013, 10:54 3239

Қостанай облысында ШОБ кәсіпорындарының саны 18%-ға артты

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қостанай облысында 2013 жылы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны артты. Бұл жөнінде Қостанай облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісі Галина Кисленкова мәлімеді.

Астана. 27-маусым. Kazakhstan Today - Қостанай облысында ШОБ кәсіпорындарының саны 18%-ға артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қостанай облысында 2013 жылы шағын және орта бизнес кәсіпорындарының саны артты. Бұл жөнінде Қостанай облысы әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісі Галина Кисленкова мәлімеді.

"Бүгінде облыста шағын және орта кәсіпкерліктің 41,7 мың белсенді субъектісі жұмыс істеп тұр. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңдегі көрсеткіштен 18%-ға жоғары. Бұл салада жұмыспен қамтылған адамдар саны да артып келеді. Ол 141 мың адамды құрап, өсім 7%-ға жетті", - деді ол.

Оның айтуынша, шағын және орта бизнес кәсіпорындары 130,4 млрд теңгеге өнім шығарған.

"Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар үлесі халықтың жалпы санының 16%-ын, ал экономикалық белсенді халықтың 26,3%-ын құрады. Екінші деңгейлі банк филиалдары шағын кәсіпкерлік субъектілеріне 17,2 млрд теңге кредит берген. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 63,6%-ға жоғары. Ал ауылдық кредиттік бірлестіктер 1 млрд теңгеден астам кредит берген", - деді Г.Кисленкова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны