02.06.2009, 13:32 2551

Қостанай облысында тұқым себу науқаны аяқталып келеді

Қостанай облысында тұқым себу науқаны аяқталып келеді

Қостанай. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында тұқым себу науқаны аяқталып келеді, егістікке арналған алқаптардың 94%-ына тұқым себілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі облыстық ауылшаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Сергей Галанинге сілтеме жасап.

"Бүгінгі жағдаймен Қостанай облысында егістікке арналған алқаптардың 94%-ына, немесе, 3,980 млн гектарға тұқым себілді. Алтынсарин, Жангелді, Жетіқара, Ұзынкөл аудандары мен Арқалықта тұқым себу науқаны аяқталып келеді. Иулиекөл, Наурызым, Меңдіқара аудандарында 98%, Денисовскийде - 97% егілді", - деді С. Галанин.

Оның айтуынша, Қостанай облысында 3,911 млн гектарға бидай егіліп бітті. Жалпы алғанда бидайға жергілікті дихандар 4 млн гектар бөлді. Сол себепті тұқым себу науқаны аяқталды деп мұнда бір-екі күнде сеніммен айтуға болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны