28.07.2014, 20:09 6686

Қостанай облысында жалпы ішкі өнімнің көлемі 0,6%-ға ұлғайды

Қостанай облысында ауыл шаруашылығында жалпы ішкі өнімнің көлемі алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша 2013 сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 0,6%-ға ұлғайып, 41,4 млрд. теңгені құрады, - деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Алматы. 28 шілде. Kazakhstan today. Қостанай облысында ауыл шаруашылығында жалпы ішкі өнімнің көлемі алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша 2013 сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 0,6%-ға ұлғайып, 41,4 млрд. теңгені құрады, - деп облыс әкімдігінен хабарлады.

Сонымен қатар, аймаққа негізгі капиталға 75,4 млрд. теңге инвестицияланды. Индустрияландыру картасы аясында облыста жалпы құны 107,1 млрд. теңге болатын 72 нысан іске қосылып, 4,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Оның үстіне, өңірде 38,5 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілері белсенді жұмыс істейді. 2014 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасы шеңберінде Аймақтық үйлестіру комиссиясы жалпы құны 2,7 млдр. теңге болатын 57 жобаны мақұлдады.

"Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасынан бөлек шағын және орта бизнесті дамытуға қомақты қаржы бағытталған. Облыста "Моноқалаларды дамыту" бағдарламасы нәтижелі жұмыс істеп келеді. Ағымдағы жылы монокалалардағы кәсіпкерлерге берілген несиенің пайыздық үстем ақысын субсидиялау мақсатында республикалық бюджеттен 231 млн. теңге бөлінді. Ал, Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020 бағдарламасын жүзеге асыру үшін ағымдағы жылы 4,8 млрд. теңге бөлінсе, 238 қатысушыға 480 млн. теңге несиеге берілді", - деп әкімдіктен атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны