04.09.2007, 14:32 7176

Қостанай облысында жаппай бидай түсімін жинауға кірісті

Қостанай облысында жаппай бидай түсімін жинауға кірісті.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 4 қыркүйек. ҚОСТАНАЙ. Қостанай облысында жаппай бидай түсімін жинауға кірісті.

Облыстық ауылшаруашылығы департаментінің мәліметіне сәйкес, қазіргі жағдаймен тұқым себілген аумақтың алғашқы 100 мың гектарынан бидай орылды. "Аудандар қазір қарқынды арттыра түсті", - деді департамент директорының орынбасары Сергей Галанин. "Түсім жинау жұмыстарының шарықтау шегіне жеткен кезде облыста күніне 190 - 200 мың гектардан бидай орылады", -деді ол.

Сонымен бірге С. Галаниннің айтуынша, "ешбір қиындықсыз аяқталатын науқан деген болмайды". "Қазір кейбір аудандарда шілдедегі жаңбырлардың салдарынан шабан өркендер өсе бастады", - деді ол.

Соған қарамастан, биылғы ауылшаруашылық жылы түсім дайындаушылар үшін табысты жыл болмақ. Тіпті қуаңшылық болған облыстың оңтүстік бөлігінде де бір гектар аумақтан еггін шығымы 7,5 центнерді құрап отыр, ал орақ қорытындысы бойынша көптеген торғайлық дихандар орта есеппен бір гектардан 10 центнер түсім алудан үмітті.

Тұтастай алғанда, ауылшаруашылығы департаментінің алдын-ала есебіне сәйкес, орақ науқанында облыстың шаруалары 5 млн тоннадан астам бидай жинайды.

2007-жылы арпа -бидай мен бұршақ дәнділер егілген жалпы аумақ өткен жылғымен салыстырғанда 339,7 мың гектарға артып, 3953,4 мың гектарды,соның ішінде күздік бидай егіні 359,9 мың гектарға артып, 3666,5 мың гектарды құрады.

Биыл Азық-түлік келісім-шарты корпоарциясы 3-ші класты бидай үшін 170 - 180 доллар ұсынып отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны