16.07.2014, 22:47 3177

Қостанай облысында жылу есептегіш құралдарын орнатуға 562 млн. теңге бөлінді

Мәселен, арнайы құралдарды орнату мақсатында Қостанай қаласында 368 үйге 248 млн. теңге, Рудныйда - 270 үйге 182 млн. теңге, Арқалықты 42 көппәтерлі үйге 28 млн. теңге, Лисаковскта 86 үйге 59 млн. теңге, Жетіқарада 67 үйге 45 млн. теңге бағытталған.

Алматы. 16 шілде. Kazakhstan today. Бүгін жалпы үйге ортақ жылу есептегіш аспаптарын орнату тетіктерін насихаттау жөніндегі арнайы көшпелі жұмыс тобы Қостанай облысына барды. Топтың құрамында Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің өкілдері, "ТКШ жаңғырту және дамытудың Қазақстандық орталығы" АҚ және "ТКШ дамыту қоры" ЖШС басшылығы болды, деп ҚР Өңірлік даму министрлігінен хабарлады.

Ағымдағы жылы Қостанай облысында 833 тұрғын үйге жалпы үйге ортақ жылу есептегіш аспаптарын орнату үшін 562 млн. теңге қарастырылған. Қомақты қаражат көпқабатты тұрғын үйлердің санына қарай бөлінген.

Мәселен, арнайы құралдарды орнату мақсатында Қостанай қаласында 368 үйге 248 млн. теңге, Рудныйда - 270 үйге 182 млн. теңге, Арқалықты 42 көппәтерлі үйге 28 млн. теңге, Лисаковскта 86 үйге 59 млн. теңге, Жетіқарада 67 үйге 45 млн. теңге бағытталған.

Арнайы жұмыс тобы сапар аясында Қостанай мен Рудный қалаларының бірқатар көп қабатты тұрғын үйлерін аралап, онда жылу есептегіш аспаптарын орнату тетіктері жөніндегі кездесудің барысында тұрғындарға жылу энергиясын есептегіш аспаптарын орнатудың барлық ерекшеліктерін түсіндірді. Өйткені аталған аспапты орнату тұтынушыларға пайдаланылмаған жылу энергиясының көлеміне төленетін төлемді төлемеуге, энергия үнемдеу іс-шараларды және технологияларды енгізуден тиімділік алуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жалпы үйге ортақ жылу есептегіш аспаптарын орнату тетіктерін насихаттау жөніндегі арнайы көшпелі жұмыс тобы Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстары мен Алматы қалаларын аралап шықты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны