12.02.2008, 17:47 2714

Қостанай облысындағы алюминий зауытын пайдалануға беру үшін алты жыл қажет - "Тобыл" ИКК бастығы

Қостанай облысындағы алюминий зауытын пайдалануға беру үшін алты жыл қажет - "Тобыл" ИКК бастығы

Астана. 12-ақпан. Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысындағы алюминий зауытын пайдалануға беру үшін 72 айдай уақыт қажет. Бұл туралы бүгін үкімет отырысы барысында "Тобыл" Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бастығы Марат Төлібаев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біздің Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациямыздың қызғылықты жобаларының қатарында Қостанай облысында Абу Дабилік араб инвесторларымен бірігіп салатын алюминий зауыты құрылысының жобасы да бар. Зауыттың жобалық қуаттылыққа шығуы 72 айдай уақытты алады",- деді Марат Төлібаев.

Ол, зауытта 1500 жаңа жұмыс орны болады деп күтудеміз, деп қосты. "Зауыт құрылысы Құсмұрын, Приозерное және Көктал кен орындарында осы инвесторлармен бірге бокситтер өндіру жобасымен тікелей байланысты",- деп еске сала кетті Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның бастығы. Бұрын хабарлағанымыздай, 23-қаңтарда Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің алқа отырысында үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қостанай облысында жаңа алюминий зауытын салуға дайындық жұмыстарын жеделдетуді тапсырған болатын. "Энергетика және минералды ресурстар министрлігіне глинозем кенішін "Тобыл" ИКК-ына беруді, бұл Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізуді және қысқа мерзімде тағы бір алюминий зауытын (Қостанай облысында - агенттік ескертпесі) салу жөнінде ұсыныс енгізуді тапсырамын,- деген болатын Кәрім Мәсімов.

Энергетика және минералды ресурстар министрі Ғалым Оразбақов өз кезегінде журналистерге берген сұхбатында, "жаңа алюминий зауытының құны туралы айту әзірге ертерек" екендігін түсіндіріп өткен болатын. "Біз осыған қатысты алдын ала келісім жасаған араб инвесторларын тартқымыз еліп отыр",- деп нақтылады министр. Сондай-ақ, Ғалым Оразбақов "премьердің тапсырмасы әзірге оның құрылысына емес, жобаны пысықтауға қатысты", деп атап көрсетті. "Жобаны жасау қажет, дегенмен араб инвесторлары аталмыш жобаға мүдделік танытып отыр",- деп жалғады өз сөзін ол. "Құрылыс осы жылдың аяғында басталуы мүмкін",- деп қорытындылады министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны