26.06.2014, 19:12 2828

Қостанай облысының 15 ауданында Кәсіпкерлікті қолдау орталығы ашылды

Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары Қазақстан Республикасы аумағында "бір терезе" қағидасы бойынша кәсіпкерлерге кешенді қызмет көрсету үшін "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында ашылуда, деп хабарлайды "Даму" кәсіпкерлікті қолдау орталығының баспасөз қызметі.

Алматы. 26 маусым. Kazakhstan today. Қостанай облысының он бес ауданында Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарының салтанатты түрде ашылуы өтті. Енді шағын және орта бизнес кәсіпкерлері мен тұрғындар үшін мемлекеттің қолдауы барынша жақындай түсті.

Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары Қазақстан Республикасы аумағында "бір терезе" қағидасы бойынша кәсіпкерлерге кешенді қызмет көрсету үшін "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында ашылуда, деп хабарлайды "Даму" кәсіпкерлікті қолдау орталығының баспасөз қызметі.

РКҚО кеңесшілері кәсіпкерлікті қолдау, кәсіпкерлікті ашу мен жүргізудің мемлекеттік бағдарламалары туралы ақпараттандыру мәселелері бойынша қызмет көрсетіп, бизнес жоспар құруға көмектесіп, оқыту жобаларына қатыстырып, пайыздық үстемені субсидиялау, кепілдікпен қамтамасыз етілмеген несие бөлігін кепілдендіру бойынша қаржылық қолдау алуға арналған толық құжат пакетін дайындауға көмек береді. Кеңес беру қызметтері тегін жүргізіледі.

Қазіргі таңда Қостанай облысында Арқалық, Рудный, Лисаковск мен Жітіқара моноқалаларында 4 кәсіпкерлікті қолдау орталықтары жұмыс істеп тұр. КҚО қызметі басталғалы моноқалаларда 2 700-ден астам адам мемлекеттік қолдау сұрап келген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны