01.08.2008, 16:39 2923

Қостанай облысының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 1281,6 млн теңге болатын нормативтік-құқықтық актілердің бұрмалануына жол бергені анықталды

Қостанай облысының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 1281,6 млн теңге болатын нормативтік-құқықтық актілердің бұрмалануына жол бергені анықталды

Астана. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысының бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 1281,6 млн теңге болатын нормативтік-құқықтық актілердің бұрмалануына жол бергені анықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Есеп комитетінің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қостанай облысы бойынша 2006-2007 жылдары республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер мен кредиттерді пайдалану, салық және өзге де міндетті төлемдердің бюджетке толық көлемде және уақтылы түсуі жөніндегі бақылау іс-шараларының қорытындысын қарастырды.

Есеп комитеті Қостанай облысының бюджетіне 2006-2007 жылдары республикалық бюджеттен бөлінген трансферттер мен кредиттерді пайдалануға қатысты бақылаудың қорытындысын қарап шығып, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жалпы сомасы 1281,6 млн теңге, оның ішінде қаражатты мақсатсыз пайдалану - 12,1 млн теңге, негізсіз шығыстар - 791,3 млн теңге, қаражатты тиімсіз пайдалану - 446,9 млн теңге және есептелген айыппұл ықпал шаралары 31,2 млн теңге сомасында болатын нормативтік-құқықтық актілердің бұрмалануына жол бергенін анықтады.

Бақылау барысында есептелген салықтардың, өсімақылардың және әкімшілік айыппұлдардың бюджетке берешек сомасы 201,2 млн теңгені құрағаны анықталды, сондай-ақ, мемлекеттік мүлікті пайдаланғаны үшін 0,4 млн теңге сомасындағы төлемнің бюджетке уақтылы енгізілмегені, "ССГПО" АҚ-ның дивиденд сомасының бюджетке уақтылы аударылмағаны жөнінде деректер бар.

Қостанай қаласының әкімдігі қаланың автожол телімдерін салу үшін республикалық бюджеттен бөлінген трансферттерден 600,0 млн теңгеден астам соманы республикалық бюджеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерінде көзделмегеніне қарамастан 2006-2007 жылдары негізсіз пайдаланған.

Он қабатты ірі панельді тұрғын үй салу кезінде шарттық міндеттемелерін орындамау деректері анықталды. Осылайша, 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, 92,8 млн теңге сомасында дебиторлық берешек бар, бұл қаражат "Казтехнострой" ЖШС-дан әлі күнге дейін өндіріліп алынған жоқ. 2007 жылы аталған нысанның аяқталуы үшін "Стройпроект" құрылыс компаниясы" ЖШС-мен шарт жасалып, оған 33,0 млн. теңге сомасында аванс аударылған болатын. Бірақ тексеру кезінде нысандағы құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілмей, тоқтап тұрды.

Сондай-ақ, Қостанай облыстық салық комитетінің мәліметі бойынша әрекетсіз деп көрсетілген 2,4 млн теңге көлеміндегі субсидияланған қаражаттың 10 ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің арасында бөлінгені жөнінде деректер анықталды.

Жиналыстың қорытындысы бойынша бақылау жүргізілген нысандарға анықталған қаржы бұрмалаушылықтарын жою және алдын алу жөнінде ұсынымдар берілді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Есеп комитеті мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылады, ол республикалық бюджеттің атқарылуына, гранттардың, мемлекет активтерінің, мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен өз иелігінде қалатын ақшаның пайдаланылуына сыртқы бақылау жасап, бағалау жүргізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны