16.06.2009, 10:26 1219

Қостанай облыстық фермерлері биыл 900 млн астам теңге көлемінде субсидиялар алады

Қостанай облыстық фермерлері биыл 900 млн астам теңге көлемінде субсидиялар алады

Қостанай. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облыстық фермерлері биыл 900 млн астам теңге көлемінде субсидиялар алады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігіне Қостанай облыстық ауылшаруашылығы басқармасындағылар хабарлады.

Басқарма ақпаратына сәйкес, ағымдағы жылдың бес айында Қостанай облыстық фермерлері 200 тонна сиыр етін сатқаны үшін 17,7 млн теңге және 340 мың тонна сүт сатқаны үшін 37,2 млн теңге алды.

"Бес айдың қорытындысы бойынша өңір фермерлері шағын көлемде мемлекеттік қолдауға ие болды, бірақ ауқымды сүт сауыны енді ғана басталғанын және малды ет комбинаттарына жіберу тек күзде ғана басталатынын ескеру керек. Демек, Қостанай облысында белгіленген квота атқарылады", - деп хабарлайды басқарма.

Ондағылардың ақпаратына сәйкес, өткен жылғымен салыстырғанда сүт және тауарлық фермалардың өнім мөлшері ұлғайды. Мәселен, 2008 жылғы 5 айда Қостанай облысында 245 мың тонна сүт өндірілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны