22.02.2010, 17:33 3567

Қостанайда ет шамамен 30%-ға қымбаттады

Қостанайда ет шамамен 30%-ға қымбаттады

Қостанай. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Қостанайда ет шамамен 30%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық ауылшаруашылығы басқармасына сілтеме жасап.

Басқарма мәліметінше, ақпанның басында Қостанайда бір келі шошқа етін 650 теңгеге, ал сиыр етін - 700 теңгеге сатып алуға мүмкіндік бар болатын. Бүгінгі күні бұл баға 28%-ға немесе 200 теңгеге қымбаттады.

Жергілікті биліктің түсіндіруінше, бағаның өсуіне мал сою алаңдарының тапшылығы себеп болған. Еске сала кетейік, малды өнеркәсіптік амалмен сою жөніндегі заң шыққаннан кейін шаруалардан алынатын барлық мал сойыс алаңдары арқылы өтуге тиіс.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшылығының пікірінше, аудандар қажетті сойыс алаңдарымен қамтамасыз етіле сала, еттің бағасы бұрынғы деңгейге дейін қайта төмендейді.

Басқарманың хабарлауынша, бағаның қымбаттауына байланысты, бұдан былай тұрақты ет жәрмеңкелері өткізіліп отыратын болады, онда өнімді арзан бағаға сатып алуға мүмкіндік бар. Бірінші жәрмеңке ақпанның 20 мен 22 аралығында "Дастархан" базарында өтті. Ал таяудағы жәрмеңке 27 ақпан мен 6 наурызға жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны