13.12.2006, 18:00 2851

ҚР 2006 жылдың қазан айында банк жүйесіндегі резиденттердің салымдары 8,3%, жыл басынан бері 63,8% ұлғайды

АЛМАТЫ. 13 декабря. Kazakhstan Today. Банк жүйесіндегі резиденттердің депозиттері 2006 жылдың қазан айында қыркүйек айымен салыстырғанда

8,3% - 2708,7 млрд. тенгеге өсті (жыл басынан бергі өсім 63,8% құрайды). Бұл жөнінде бүгін қаржы нарығындағы жағдайға орай өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк төрағасы Инуар Сәйденов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ақпарат бойынша, есеп беру айында заңды тұлғалардың депозиттері

10,6% - 1839,9 млрд. тенгеге ұлғайған (72,6%), жеке тұлғалардың депозиттері 3,5% - 868,8 млрд. тенгеге өсіпті ( 47,9%).

2006 жылдың қазан айында ұлттық валютадағы депозиттер 7,8% - 1702,4 млрд. тенге артқан (осы жылдың қаңтар - қазан айларында - 77,2% өскен),шетел валютасында - 8,9% - 1006,3 млрд. тенгеге ұлғайды (45,2%). Нәтижесінде теңгедегі депозиттердің салыстырмалы салмағы бір айда 63,1% - 62,9% дейін төмендеген.

Банктердегі халықтың салымы (резиденттер еместі есепке алғанда)бір айда 3,5% - 879,4 млрд. тенгеге өскен (2006 жылдың қаңтар - қазан айларында - 47,3% өсті). Осы жылдың қахзан айында халықтың салымдық құрылымындағы теңгелік депозиттер 3,3% - 561,4 млрд. тенгеге артқан ( 79,8%), ал шетел валютасындағы депозиттер - 4% - 318 млрд. тенгеге өскен ( 11,7%). Нәтижесінде теңге депозиттерінің салмағы шамалы төмендеген( 64% - 63,8%)дейін.

Заңды тұлғалардың теңгелік жедел депозиттерінің сыйақы ставкасы 3,9 % құрады (жылдың қыркуйек айында - 4,1% болған), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша - 10% (9,8%) құрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны