23.01.2008, 16:30 2667

ҚР 2007 жылы шағын кәсіпкерлік иелерінің саны 680 мыңнан асты

ҚР 2007 жылы шағын кәсіпкерлік иелерінің саны 680 мыңнан асты

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасында 2007 жылы шағын кәсіпкерлік иелерінің саны 680 мыңнан асты. Бұл туралы бүгін ҚР индустрия және сауда министрлігінің коллегиясы барысында министрліктің басшысы Ғалым Оразбақов құлағдар етті деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Республикада 2007 жылдың аяғында белсенді түрде жұмыс істеп жатқан шағын кәсіпкерлер қатары 680 мыңнан асып, 100 кәсіпорын болды ", - деді Ғ. Оразбақов.

Оның берген мәліметтері бойынша 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы шағын кәсіпкерлер қатары 19,8 пайызға өскен.

"Шағын және орта бизнес иелері 2007 жылдың қаңтар мен желтоқсан айлары аралығында 2 трлн теңгеден аса қаржыға бағаланатын өнім шығарған. Бұл былтырғы жылмен сәйкестендіргенде 18,7 пайызға артық", - деп атап өтті министр.

Индустрия және сауда министрі атап өткеніндей, ҚР 2007 жылы шығарылған өнеркәсіп тауарлары былтырғы жылдармен сәйкестендіргенде 4,5 пайызға артып, 7,7 трлн теңгені құрады. Министрдің деректері бойынша, тау -кен өнеркәсіп саласында 2007 жылы 4,4 трлн теңгеге (2,6% өсім ) өнім шығарылса, қайта өңдеу кәсіпорындарында 2,9 трлн теңгеге (6,7%) тауар өндірілді. "Ал газ бен су, электр қуатын өндіру және жеткізу салаларында 421,3 млрд теңгеге өнім өндіріліп, өткен 2006 жылмен салыстырғанда 7,3 % жоғары болды", - деп айтты Ғ. Оразбақов.

"Тағы да бір айта кетерлік жәйт, тау-кен саласымен салыстырғанда, өнім өндірісінің көлемі жағынан өңдеу кәсіпорындары екі жыл қатарынан жақсы көрсеткіштерге жетіп отыр", - деп атап өтті ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны