08.10.2007, 18:29 3395

ҚР 2015 жылға дейін 80 инфрақұрылымдық инвестициялық жоба жүзеге асырылады

ҚР 2015 жылға дейін 80 инфрақұрылымдық инвестициялық жоба жүзеге асырылады

Астана. 8-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін жалпы сомасы 30 млрд АҚШ долларына жуық 80 ірі инфрақұрылымдық инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін "Қазақстан-Италия" Экономикалық форумы аясында өтіп жатқан "Инфрақұрылым, құрылыс және құрылыс материалдары" атты семинар барысында Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің транспорттық саясат және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Салтанат Рахымбекова мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Біздің болжамымыз бойынша, бұл ірі инвестициялық жобалардың 70 пайыздан астамы мемлекеттік-жеке меншік серіктестігі қағидасы бойынша жүзеге асырылады",- деп қосты Салтанат Рахымбекова.

Ол, айтарлықтай бөлігі Қазақстан аумағы арқылы өтетін "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізін реконструкциялау жобасын жүзеге асыру басталып кеткендігін, еске сала кетті. "2013 жылы алты транзиттік көлік дәліздерін реконструкциялау аяқталатын болады, атап айтқанда, Самара - Шымкент, Астрахань - Атырау - Ақтау, Ташкент - Алматы - Хоргос, Астана - Қостанай - Челябинск және басқа да бірқатар бағыттар бойынша",- деп қосты департамент директоры.

"Біздің 2015 жылға дейінгі жоспарымызға сондай-ақ 1,5 мың шақырымнан астам жаңа темір жол мен және 3 мың шақырымға жуық бұрынғы темір жолдарды электрификациялау кіреді", - деп қосты Салтанат Рахымбекова. Ол сондай-ақ қазақстан мен қытай шекарасындағы "Достық" станциясының өткізу мүмкіндігін 25 млн тоннаға дейін көтеру жөніндегі жоспар туралы еске сала кетті. "Үстіміздегі жылы бұл темір жол өтпелінің өткізу мүмкіндігі 14 млн тонна деңгейіне жеткізілетін болады",- деп қорытындылады ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны