17.04.2007, 14:15 3200

ҚР 2015 жылы электр қуатының бірнеше нысаны салынады - энергетика және минералды ресурстар министрі

АСТАНА. 17 - сәуір. Kazakhstan Today. ҚР 2015 жылы электр қуатының бірнеше нысаны салынады. Бұл туралы үкімет отырысында сөз алған республикамыздың энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қарағандының 4-ЖЭО, Балқаш ЖЭО, Семей 3-ЖЭО, Астана қаласында 3-ЖЭО, Қандағаш, Қазақстанның батысында газқұбырлы электр станциясын, сонымен қатар Мойнақ, Бұлақ және еліміздің шығысы мен оңтүстігіндегі басқа да су электр станцияларын салу көзделген",- деді министр.

Министрлік сондай-ақ жел энергетикасы мен күн қуаты сияқты басқа да жаңартылған қуат көздерін белсенді пайдалану мәселелерін қарастыруда.

"Аталған іс-шараларды жүзеге асыру көлемі 1,8 трлн теңгеден асып жығылатын қыруар қаражатты талап етеді",- деп атап өтті Б. Ізмұхамбетов.

"Көрсетілген іс-шараларды атқару мемлекет басшысының еліміздің экономикасын екпінді және серпінді дамуы жөніндегі алға қойған міндеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етіп, электр қуатын өндірудің нақты өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді, және де 2015 жылы электр қуатын өндіру сағатына 120 млрд кВт-қа жетеді",-деп атап өтті ол. Сонымен қатар, оның айтуынша "2015 жылы электр қуатының экспорттық әлеуеті сағатына 5,4 млрд кВт-қа өсіру және импортты 2,3 млрд кВт-қа төмендету көзделіп отыр".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны