09.11.2016, 11:13 4430

ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік қолдаудыӊ тиімділігін арттыруда

Кеше Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қазақстан Республикасыныӊ агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеӊесініӊ агроөнеркәсіптік кешенді дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасына қоғамдық тыӊдау өткізілді.

Астана. 9 қараша. Kazakhstan Today - Кеше Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қазақстан Республикасыныӊ агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеӊесініӊ агроөнеркәсіптік кешенді дамытудыӊ 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасына қоғамдық тыӊдау өткізілді. Отырысқа Қоғамдық кеӊес мүшелері мен Қоғамдық кеӊес комиссиясыныӊ төрағасы мен тұрақты мүшелері, Министрліктіӊ аумақтық бөлімшелерініӊ өкілдері мен "ҚазАгро" Холдингісініӊ еншілес ұйымдары, "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамыныӊ қызметкерлері, ауыл шаруашылығы өндірушілері, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Сондай-ақ, қоғамдық тыӊдауға бейнеконференциялық байланыс арқылы 700 адам қатысты.

Қоғамдық тыӊдауды аша отырып, Қоғамдық кеӊес төрағасы М.В. Трошихин ағымдағы жылғы 9 қыркүйекте Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында Мемлекет басшысыныӊ Үкіметке жылдыӊ аяғына дейін Су ресурстарын басқарудыӊ мемлекеттік бағдарламасымен біріктіру арқылы Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді тапсырғанын атап өтті.

Өз кезегінде, Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Қ. Айтуғанов арнайы баяндама жасап, жаӊа мемлекеттік бағдарламаныӊ басты мақсатыныӊ нарыққа қажетті бәсекеге қабілетті АӨК өнімдерініӊ өндірісін қамтамасыз ету екенін хабарлады.

Изірленіп жатқан Мемлекеттік бағдарламаныӊ негізгі міндеттері: мал шаруашылығыныӊ тиімділігін 58%-ға және өсімдік шаруашылығыныӊ тиімділігін 40%-ға арттыру, тауарлы өндіріске 670 мыӊ ұсақ өндірушіні тарту және өнімдерді өткізу мен өӊдеудіӊ пәрменді жүйесін құру үшін ауқымды ауыл шаруашылығы кооперацияларын дамыту, АШТӨ-ні барынша қамти отырып, мемлекеттік қолдаудыӊ тиімділігін және қолжетімділігін қамтамасыз ету, мақсатқа бағытталған экспорттық саясатты іске асыру және органикалық өнімніӊ қазақстандық брендін жылжыту, 600 мыӊ га астам суармалы жерді айналымға тарту, АӨК-ні мемлекеттік реттеуді жетілдіру болады.

Сонымен қатар, бағдарламаны мемлекеттік форматқа қайта бекіту шеӊберінде субсидиялау жүйесіне бірқатар түзетулер енгізу жоспарланған, бұл қазіргіден де көп мемлекеттік қолдау алушыларды қамтуға, осылайша оныӊ тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.

Жалпы, өсімдік шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша жұмыс жалғастырылады. Атап айтқанда, бидай алқаптарыныӊ бір бөлігі аса сұранысқа ие дақылдармен (майлы дақылдар, арпа, жемдік жүгері, қант қызылшасы, азықтық дақылдар) алмастырылатын болады. Ауыл шаруашылығы өнімініӊ өнімділігін жоғарылату мақсатында жоғары сапалы тұқымдарды қолдану және тыӊайтқыштарды енгізу үшін мемлекеттік қолдау көрсетілетін болады.

Мал шаруашылығы саласында мал азығымен қамтамасыз етуді жолға қою қажет. Осыған орай, елдік азықтық теӊгерім әзірленіп, енгізілетін болады, азықтық дақылдардыӊ алаӊдары ұлғайтылады; құрама жемдерді өндіру және тұтыну ынталандырылады, сондай-ақ жайылымдарды пайдаланудыӊ тиімділігін жоғарылату бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау көрсету арқылы асыл тұқымды жануарлардыӊ үлесін жоғарылату бойынша шаралар қабылданатын болады.

Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету және суармалы жерлердіӊ алаӊдарын ұлғайту бойынша шаралардан басқа, қосымша электрондық форматта жер ресурстарыныӊ жай-күйі туралы мәліметтер қалыптастырылады.

Бұдан басқа, АӨК-ні инфрақұрымдылық қамтамасыз ету үшін өнімді өткізу бойынша ауылдық кооперативтер құруды ынталандыру, ауыл тұрғындарына несие беру және оларға сервистік қызмет көрсету, сондай-ақ қаржылық құралдардыӊ қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар іске асырылатын болады.

Сонымен қатар, АӨК субъектілерініӊ техникалық жарақтандырылуын арттыру үшін алыс шетелден қымбат техника мен жабдықтарды сатып алу үлесін төмендету бойынша шаралар қабылданады.

Сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік реттеуді жетілдіру шеӊберінде ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар іске асырылатын болады.

Қоғамдық тыӊдау барысында ортаға салынған ұсыныстар жобаны жетілдіру барысында пайдаланылады.

Айта кетейік, 2016 жылдыӊ 7 қарашада Қазақстан Республикасыныӊ Ауыл шаруашылығы министрлігінде Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Қ. Айтуғанов БАҚ өкілдері алдында Қазақстан Республикасында АӨК-ні дамытудыӊ жаӊа мемлекеттік бағдарламасыныӊ тұжырымдамасымен таныстырды.

Сонымен қатар, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасында бизнес қауымдастықтыӊ қатысуымен 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін дамытудыӊ мемлекеттік бағдарламасын талқылауға арналған Комитеттер отырысы өтті. Отырыс бейнеконференциялық байланыс арқылы Палатаныӊ өӊірлік бөлімшелерінде трансляцияланды. Сонымен қатар, facebook желісінде онлайн-режимде "Атамекен. Агродиалог в Казахстане" тобында көрсетілді. Яғни, аталған жиынға кез келген азамат қатысып, көкейінде жүрген сауалдарын қойып, бағдарлама әзірлеушілеріне ұсыныстар берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны