09.12.2016, 12:09 4205

ҚР АШМ: Кадастрлық құнын өтегенге дейін жер участкесіне азаматтық құқықтық шарттар жасауға тыйым салынады

Вице-Премьердіӊ хабарлауынша, шартта көрсетілген кадастрлық (бағалау) құнын өтегенге дейін, аталған жер участкесіне азаматтық құқықтық шарттар жасауға (шектеу) тыйым салынады.

Астана. 9 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі А.И. Мырзахметовтыӊ ҚР Парламент Сенатындағы Жер заӊнамалары жобаларына енгізілмек өзгерістерді таныстыруында депутаттар тарапынан ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін 10 жылға дейін мерзімін ұзартып сатып алған тұлғалардыӊ оларды жеке меншік құқығымен ресімдеу құқығы мәселесі көтерілді.

Депутаттардыӊ айтуынша, бұл ретте ағымдағы мораторий ондай жер учаскелерін жеке меншікке ресімдеуге тыйым салуын дұрыстап ойластыру керек.

Өз кезегінде, А.Мырзахметовтыӊ бұл сауалға қатысты жуаабы нақты болды.

"Жеке немесе заӊды тұлғалар жер участкесін жеке меншікке құжаттарын ресімдегеннен кейін, келісім шартпен 10 жылға бөліп төлеу кестесіне сәйкес, ай сайын төлемдерді жүзеге асырып отыру міндетті. Яғни, жер участкесіне меншік құқығын растайтын құжаттарын және келісім шартты қосымша кестесін заӊнамамен бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткізеді", - деп түсіндірді ол.

Вице-Премьердіӊ хабарлауынша, шартта көрсетілген кадастрлық (бағалау) құнын өтегенге дейін, аталған жер участкесіне азаматтық құқықтық шарттар жасауға (шектеу) тыйым салынады.

"Сондықтан, жеке меншік иесі, меншік құқығын растайтын құжаттарын қолында болғандықтан ешқандай мораториға қалшылық болмайды. Қойылатын шектеулер: сатып алу-сату, сыйға тарту, айырбастау және басқалар", - деп атап өтті А.Мырзахметов.

Айта кетейік, аталған жиында "Қазақстан Республикасы Жер кодексініӊ жекелеген нормаларыныӊ қолданысын және "Қазақстан Республикасыныӊ Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы ҚР Заӊыныӊ қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы" ҚР Заӊына өзгерістер енгізу туралы" ҚР Заӊыныӊ жобасы қаралды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны