19.02.2014, 19:48 4777

ҚР АШМ мен Астана қалалық әкімдігі нан бағасын көтермеу туралы меморандумға қол қойды

Аталмыш меморандум аясында "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ресурсынан бидайды арзандату үшін 500 мың тонна бөлінбек. Осыған орай бидай ұн заыттарына жөнелтіліп, жергілікті атқарушы органдар белгілеген тоннасына 30 мың теңгемен беріледі. Жөнелту уақыты 2014 жылдың 17 ақпанынан бастап 2014 жылдың тамыз айы аралығы.

Алматы. 19 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Астана қалалық әкімдігі нан бағасын көтерму туралы меморандумға қол қойды.

"Таяудағы теңге курсын түзетуге байланысты әлеуметтік маңызы бар тауарларға, оның ішінде нан мен ұн бағасының көтерілу қаупі туындады. Осыған орай, АШМ мен әкімдіктер арасында бағаны тұрақтандыру шаралары басталып кеткен. Аталмыш меморандум түзетілген төмен баға бойынша нан пісіру кәсіпкерліктеріне жіберу үшін түзетілген бағамен ұн шығару кәсіпкерліктеріне азық-түлік корпопрацияларынан, георесурстардан бидай шығаруды қарастырады. Нәтижесінде біз ұн мен нанның тұрақты бағасын сақтап қаламыз", - дейді ҚР АШМ Өңдеу және агроазық-түлік нарығы департаментінің директоры міндетін атқарушы Шәймерден Ахметов.

Айта кету керек, бірінші сұрыпты ұн мен нанның бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ҰК" АҚ мен облыс әкімдіктері, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Экономиканы жаңғырту мәселесі бойынша мемлекеттік комиссия шешімі бойынша өңірлерде бірінші сұрыпты ұн мен бірінші сұрыпты нан бағасын тұрақтандыру шаралары туралы меморандумға қол қойылатын болады.

Аталмыш меморандум аясында "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ресурсынан бидайды арзандату үшін 500 мың тонна бөлінбек. Осыған орай бидай ұн заыттарына жөнелтіліп, жергілікті атқарушы органдар белгілеген тоннасына 30 мың теңгемен беріледі. Жөнелту уақыты 2014 жылдың 17 ақпанынан бастап 2014 жылдың тамыз айы аралығы.

Жалпы, нан бағасын қымбаттатуға жол бермеу туралы меморандумға барлық өңір әкімдіктері қол қоймақ.

Меморандум шартына сай, тиісті шараларды жүргізу арқылы әкімдік тиісті өндірістік инфрақұрылым, материалдық және еңбек ресурсына иелік ететін бидай өңдеу кәсіпкерліктерін анықтайтын болады. Олар өз кезектерінде белгіленген баға бойынша ұн дайындап, және оның белгіленген бағадағы нанға айналуы үшін ұн өңдеу комбинаттарына жібереді.

Аталмыш шаралар бірінші сұрып ұны мен нанына тұрақты бағаны ұстап тұруға мүмкіндік беріп, сонымен қатар жеке тұтынушылар мен малшыларға арзан бағадағы жем алуға жол ашады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны