10.11.2015, 13:07 4439

ҚР АШМ нанды кесіп сатуды орынды деп есептейді

Елімізде нанды рационалды тұтыну үшін оны кесілген түрінде және аз бөліктермен сатқан дұрыс, деп есептейді ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров

Астана. 10 қараша. Kazakhstan Today - Елімізде нанды рационалды тұтыну үшін оны кесілген түрінде және аз бөліктермен сатқан дұрыс, деп есептейді ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Нанды кесек-кесек қылып сату деген өте дұрыс", - деді елорданыӊ нан зауыты жөніндегі баспасөз туры барысында БАҚ өкілдерініӊ сауалдарына жауап берген ол, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

"Неліктен нанныӊ қалдықтары қалып қояды? Өйткені, біз тұтас бір бөлкені сатып алып, үйде соныӊ жартысын ғана жеп үлгереміз", -деп толықтырды ол.

Естеріӊізге салар болсақ, Қазақстанда 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап әлеуметтік нанды субсидиялау тоқтатылады. Осыныӊ салдарынан ҚР-да қалыпты нанныӊ бағасы бір келі ұнныӊ бағасына дейін, яғни бір бөлкеге 80-90 теӊгеге дейін өсуі мүмкін.

Осыған дейін еліміздіӊ Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Қазақстанда табысы кедейлік шегінен төмен отбасылар әлеуметтік маӊызды өнімніӊ бағасы артқан жағдайда әлеуметтік көмек ала алатынын мәлімдеген болатын. Ведомствода айтып өткендей, нан бағасы өскен жағдайда "күнкөріс минимумыныӊ көлемі өзгереді, бұл атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын арттыруға мүмкіндік береді".

"Қазіргі таӊда елімізде жақсы атаулы әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Атаулы әлеуметтік көмек көлемі артуы мүмкін. Бұл мәселе қазіргі таӊда саралануда", -деді С.Омаров.

Естеріӊізге салсақ, ҚР Мемлекеттік комиссиясы экономиканы жаӊғырту мәселелері бойынша 2016 жылдыӊ 1 қаӊтарынан бастап нан бағасын реттеуден бас тартып, нан бағасын белгілеудіӊ нарықтық тетіктеріне көшу туралы шешім қабылдады. Азық-түлік тауарларына бағалардыӊ артуын өтеу үшін табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек институтын пайдалану шешімі қабылданды.

Алдын ала есептеуге сүйенсек, әлеуметтік жәрдемақы алатындарға шығынды өтеудіӊ жалпы сомасы жылына шамамен 2 млрд теӊгені құрайды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде баса айтып өткендей, бұл мемлекет астықты тиянақталған бағамен жеткізгендегі шығыннан әлдеқайда төмен, ол 2014-2015 жылдарға шамамен 17 млрд теӊгені құрайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны