15.02.2008, 18:53 2892

ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі 20 ірі сүт-тауар кешенін құруды жоспарлап отыр

ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі 20 ірі сүт-тауар кешенін құруды жоспарлап отыр

Астана. 15-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылы ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі республикаға асыл тұқымды мал әкеліп, 20 ірі сүт-тауар кешенін құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін Көкшетау қаласында облыс әкімінің есеп беруіне арналған қоғамдық жиналыста ауыл шаруашылық министрі Ахметжан Есімов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мөлшерлеме тек ынталандыру мен бәсекелестікке қабілетті отандық мал тұқымын өсіруді қолдау үшін ғана емес, басқа елдерден жоғары өнімді мал импорттау үшін де жасалатын болады",- деді А. Есімов.

Ауыл шаруашылық министрі 2007 жылы елімізге Канадан 1,5 мың жоғары өнімді қысыр мал әкелініп, Ақмола облысының "Родина" ЖШС мен Солтүстік Қазақстан облысындағы "Зенченко и К" коммадиттік серіктестігіне лизингке берілгендігін еске сала кетті.

"Мұндай жұмыстар осы жылы да өз жалғасын табатын болады. Осындай әдіспен жоғары өнімді 30 мың бас мал әкеліп, еліміздің өңірлерінде 20 ірі сүт-тауарлық кешендер құру көзделуде. Қазіргі уақытта бұл жобаға әлеуетті қатысушыларды таңдау жүргізіліп жатыр",- деп мәлім етті, А. Есімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны