19.05.2008, 19:18 2690

ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі астықтың интервенциялық пулын құру мәселесін талқылауды жоспарлап отыр

ҚР Ауыл шаруашылық министрлігі астықтың интервенциялық пулын құру мәселесін талқылауды жоспарлап отыр

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі астықтың интервенциялық пулын құру мәселесін талқылауды жоспарлап отыр. Бұл туралы бүгін экономиканы модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрі Ақылбек Құрышбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазіргі уақытта ішкі нарықты толтыру үшін, сондай-ақ, астық экспортына тыйым салу себепті ірі көлемдегі астық экспортын шығаратын кәсіпорындардың шығындарын жабу мақсатымен Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы мен жеке астық компанияларының қатысуымен астықтың интервенциялық пулын құру көзделіп отыр", - деді А. Құрышбаев.

"Біз бұл шара ішкі нарықтағы бағаны тұрақты сақтауға мүмкіндік береді деп ойлаймыз", - деп толықтырды ол.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан Республикасының үкіметінің ағымдағы жылдың 15 сәуіріндегі отырысында 2008 жылдың 1 қыркүйегіне дейін, яғни, жаңа түсімге дейін ұн экспортынан басқа бидай астығының экспортына тыйым салу жөнінде шешім қабылданған.

Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, дүниежүзілік астық нарығындағы бағаның айтарлықтай өскен және дүниежүзінде азықтық астықтың жетіспей жатқан кезінде ішкі нарықта теріс салдарға жол бермеу осы шешімнің қабылдануына негіз болды.

Үкімет мәліметтеріне сүйенер болсақ, Қазақстан астығының экспорттық қарқыны рекордтық көрсеткіштерге жеткен. Ай сайын елімізден 1,1-1,4 млн тонна астық шығарылады.

2007 жылғы астық түсімінен бері астық ретіндегі ұнды есептегенде 8 млн тонна астық экспортталған. Және тиеу көлемі елдің бастабында жоспарланған экспорттық мүмкіндігіне (9 млн тонна) таяған. Ағымдағы жылдың 10 сәуіріндегі жағдай бойынша, елдегі астық көлемі 8,1 млн тоннаны құрайды. Оның ішінде, азықтық астық 4,7 млн тонна.

"Есептеулер ішкі тұтынуға қажетті астықты алып тастағанда, бүгінгі таңда елдің экспорттық әлеуеті 1,2 млн тонна азықтық астықты құрайды. Ол қазіргі тиеу қарқыны сақталған жағдайда ел аумағынан 1 ай ішінде шығып кете алады. Қалыптасқан жағдайда бидай астығының сыртқы саудасын реттеудегі шұғыл шаралар қабылдау қажет", - деп есептейді үкіметтегілер.

Сонымен бірге, астықтың бос көлемі ұн ретінде экспортқа сатыла алады. Ол экономикалық жағынан көңілге қонымды. Өйткені, ұн кәсіпорындарының қуатын жұмыс істетуге, сондай-ақ, Қазақстан ұнының сату нарығын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны