20.05.2010, 17:10 3997

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі 2010 жылдан бастап бекіре тұқымдас балықтарды өнеркәсіптік аулауға мораторий енгізуді ұсынады (толықтырылған)

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі 2010 жылдан бастап бекіре тұқымдас балықтарды өнеркәсіптік аулауға мораторий енгізуді ұсынады (толықтырылған)

Астана. 20 мамыр. Kazakhstan Today - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі 2010 жылдан бастап бекіре тұқымдас балықтарды өнеркәсіптік аулауға мораторий енгізуді ұсынады. Бұл туралы бүгін ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Юрий Ромашов баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біздің тарапымыздан бекіре тұқымдас балықтарды сақтау мақсатында белгілі бір шаралар қолданылуда. Осы жөнінде біз көктемгі балық аулау маусымы кезінде арнайы органдарға бекіре тұқымдас балықтарды тек ғылыми мақсатқа, тек ұдайы өндіріске ғана бағыттауды нұсқап хат жаздық. Осындай ұсыныспен біз үкіметке де шықтық", - деді Е. Ромашов.

Оның айтуынша, бекіре тұқымдас балықтарды тек ұдайы өндіріске ғана бағыттауды қарастыратын осындай мораторий біраз уақыттан бері Ресей Федерациясында да қолданылуда. "ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі осындай ұсыныспен үкіметке шықты. Олар қазір бұл мәселені мемлекеттік органдар деңгейінде талқылап жатыр. Егер ол қолдау тапса, бұл біржақты мораторий болмақ", - деді ол.

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бекіре тұқымдас балықтар түрлерін аулауға мораторий енгізу мәселесі бойынша

2009 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаевтың Иран Ислам Республикасының президенті М. Ахмадинежадпен кездесуі барысында, Елбасымен Каспий теңізінде бекіре балық түрлерін кәсіпшілік аулауға мораторий енгізу бастамашылығы үндендірілді, ол ИИР президентінің қолдауына ие болды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары Ө.Шүкеевпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (АШМ) Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, Каспий теңізінде бекіре балық түрлерін кәсіпшілік аулауға мораторий енгізу мәселесін Каспий теңізінің биоресурстары бойынша комиссия шеңберінде қарау тапсырылды.

Қазақстандық делегация аталған мәселені Каспий жағалауында орналасқан мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен 2009 жылдың шілдесінде Иранда өткізілген Комиссияның кезекті 30-отырысының күн тәртібіне енгізді.

Каспий жағалауындағы елдердің үкіметтері арасында ҚР барлық мүдделі мемлекеттік органдарымен келісілген мораторий енгізу саласындағы одақтастық туралы келісім жобасы, сондай-ақ Каспий теңізінде 10-15 жылға арналған бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға мораторий енгізудің биологиялық негіздемесі әзірленді. Каспий жағалауындағы барлық мемлекеттер мораторий енгізген кезде нәтижеге қол жеткізіледі деген позицияны ұстанған қазақстандық тарап аталған мәселені 2010 жылдың 14-16 маусымы аралығында Тегеран қаласында жоспарланған комиссияның келесі 31-отырысының күн тәртібіне енгізді.

Сонымен қатар, министрлікпен ҚР үкіметіне ғылыми, өсімін молайту, сондай-ақ тауарлық балық өсіру үшін бекіре тұқымдас балық түрлерін аулауға белгіленген лимиттерді бөлу туралы ұсыныс жолданды.

Қазіргі таңда, Жайық-Каспий бассейнінде бекіре тұқымдас балық түрлерін аулау тек жоғарыда аталған мақсаттарда жүзеге асырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны