22.09.2008, 13:48 1386

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Астананың төңірегінде азық-түлік белдеуін құру аясында 2,7 млрд теңгенің 47 жобасын қаржыландырды

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Астананың төңірегінде азық-түлік белдеуін құру аясында 2,7 млрд теңгенің 47 жобасын қаржыландырды

Астана. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Астананың төңірегінде азық-түлік белдеуін құру аясында 2,7 млрд теңгенің 47 жобасын қаржыландырды. Бұл туралы бүгін парламенттегі үкіметтік сағатта еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Биылғы жылдың басында мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына арнаған жолдауында біздің алдымызға Астананың айналасында азық-түлік белдеуін құру мақсатын қойғанын баршаңыз білесіз", -деді А. Күрішбаев.

"Осы міндетті жүзеге асыру мақсатымен ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің даму институттары Астананың азық-түлік белдеуіне кіретін Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері келтірген 139 бизнес-жобаны қарады, соның ішінде бүгінгі жағдаймен 2,7 млрд теңгенің 47 жобасы қаржыландырылды", - деді ол.

"Бұл бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде Астананың айналасындағы 300 шақырымдық аймақта өндірілген азық-түлік өнімдерінің үлес салмағы бүгінгі 29% орнына 58% кем түспейді деп күтілуде", - деді министр.

Оның айтуынша, "жуырда үкіметтің тапсырмасымен осындай жұмыстар Алматы маңында да басталды". "Одан әрі Астана мен Алматының тәжірибесіне сүйеніп, осындай азық-түлік белдеулерін барлық облыс орталықтары мен ірі қалаларда да құру көзделуде", - деді А. Күрішбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны