21.05.2009, 17:03 2635

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі бидайды терең өңдеу арқылы экспортты ұлғайтпақшы

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі бидайды терең өңдеу арқылы экспортты ұлғайтпақшы

Астана. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін"- ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі бидайды терең өңдеу арқылы экспортты ұлғайтпақшы, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев: "Елбасының тапсырмасы бойынша біз қазір бидайдың терең өңдеу өндірісін қолға аламыз. Сол үшін арнайы жобалар жүзеге асырылатын болады. Яғни біз бұрын экспортқа бидай, ұн ретінде ғана шығаратын болсақ, енді жаңағы бидайды терең өңдеу өнеркәсібін іске қосқан кезде, клейковина, крахмал сияқты тағы да басқа өнімдерді экспортқа шығара аламыз. Бұл біздің экспорттық мүмкіндігіміздің жаңа қыры болады. Соған сәйкес астық шаруашылығы саласының экспорттық мүмкіндігімен қатар табысы да артады. Бұл осы саланың дамуына ерекше серпін беретін мүмкіндік. Сондықтан биылдан бастап осы бағыттағы жобалар қаржыландырылып, жүзеге асырылатын болады",- деді Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында.

Сонымен қатар "осы жобалар жүзеге асып, кәсіпорындар жұмыс істей бастаған кезде, біз 1-1,5 миллион тонна астықты терең өңделген өнім ретінде экспорттай аламыз. Қазақстан бидайына деген сұраныстың артатынына сенім мол. Сондықтан бос жатқан жерлерді игерудің де мүмкіндігі туады. Бұл астық шаруашылығына, оның ішінде бидай шаруашылығына келетін инвестицияның артуына ықпал етеді. Бұл өте маңызды бағыт. "Елбасының тапсырмасы бойынша осы шаруаны жүзеге асыратын боламыз",-деді министр.

Ақылбек Күрішбаев мемлекет көмегінің арқасында биыл егін егу жұмыстары жоспардағыдай уақытылы жүріп жатқанын атап өтті.

"Республика бойынша межеленген дәнді-дақылдардың 30 пайызы себілді. Оңтүстік, Батыс облыстарда дәнді-дақылдарды себу жұмыстары аяқталып қалды. Майлы дақылдардың 84 пайыздан астамы, көкөніс пен картоптың 80 пайыздан көбі егілді",- деп мәлімдеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны