28.10.2009, 14:58 2909

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі дихандардан тағы да 3 млн тонна астық сатып алуды ұсынады

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі дихандардан тағы да 3 млн тонна астық сатып алуды ұсынады

Астана. 28 қазан. Kazakhstan Today - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі дихандардан тағы да 3 млн тонна астық сатып алу жөніндегі ұсынысты қарауды ұсынады. Бұл туралы еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев бүгін парламент мәжілісінде журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз кеше үкіметке Азық-түлік келісім-шарты корпорациясы тарапынан 6 млн тоннаға дейін астық сатып алу жөніндегі ұсынысты енгіздік, яғни, бұған дейін қабылданған шешімге сәйкес 3 млн тоннаға қоса тағы 3 млн тоннасын сатып алуды ұсындық. Демек, 6 млн тонна - жалпы түсімнің шамамен 30% көлемі", - деді Ақылбек Күрішбаев.

Оның айтуынша, "бұл мәселе қаралады". "Кеше кеңестің бірінші кезеңінде қосымша 1 млн тоннасын сатып алу жөнінде шешім қабылданды, 3 млн тоннаға қоса 1 млн тонна, сөйтіп, барлығы 4 млн тонна", -деді министр.

Оның түсіндіруінше, қосымша бір миллион тонна астық "өз түсімін өзіндігінен сата алмайтын ұсақ шаруашылықтардан сатып алынады". "Біз сол арқылы фермерлік шаруашылықты қолдамақ ниеттеміз", - деді Ақылбек Күрішбаев.

Сонымен бірге оның айтуынша, кеше Қазақстан астығының экспортын алға жылжыту жөнінде кеңес өтті. Министрдің айтуынша, кеңесте Қазақстан астығының экспортының аясын кеңейтуге шешім қабылданды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан үкіметі астық экспортын қолдауға қосымша 5 млрд теңге бөлу жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

"Үкіметтің кешегі отырысының қорытындысы бойынша депутаттардың астық экспортын мемлекет тарапынан қолдауға шаралар қолдану жөніндегі ұсынысы қолдау тапты. Осы мақсатта "Қорғас" шекаралық халықаралық ынтымақтастық орталығын дамытуға жоспарланған қаражатты ықшамдау негізінде үкіметтің резервін 5 млрд теңгеге ұлғайту ұсынылып отыр", - деді Б. Сұлтанов.

Оның айтуынша, қаржыландырудың нақты тетіктері қазір жасалып жатыр, және "олар жайлы үкімет қосымша хабарландырады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны