03.02.2010, 11:07 1442

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі дизельдік отынды өткен жылғы жеткізу үлгілері мен механизмдерін, баға деңгейін де сақтап қалмақшы

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі дизельдік отынды өткен жылғы жеткізу үлгілері мен механизмдерін, баға деңгейін де сақтап қалмақшы

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі дизельдік отынды өткен жылғы жеткізу үлгілері мен механизмдерін, сонымен қатар, дизельдік отынның баға деңгейін де сақтап қалмақшы. Бұл туралы бүгін мәжілісте өткен "үкіметтік" сағатта еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Егін себу науқанында жанар-жағар май материалдарымен қамтамасыз етуге қатысты, ол бүгінгі күнгі энергетика және минералдық ресурстар министрлігінде облыстардың өтінген көлемі бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірілушілеріне дизельдік отынды кепілдендірілген жеткізу туралы келісімдерге қол жеткізілді. Біз өткен жылғы жеткізу үлгілері мен механизмдерін, сонымен қатар, дизельдік отынның баға деңгейін де сақтап қалу туралы ұсыныс білдірдік. Қазіргі уақытта бұл ұсыныстар пысықталу сатысында",- деді А.Күрішбаев.

"Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламаларының шеңберінде уақытылы қабылданған шаралар арқасында агроөнеркәсіптік кешенін мерзімдік несиелендіру мәселесі өткен жылы ойдағыдай шешімін тапты. Бұл жұмыс осы жылда жалғастырылатын болады. Бұл үшін тиісті дайындық жұмыстары жүргізілді",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны